Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жанаева Бану Нурахметовна

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Эссе  •  1,961 Слов (8 Страниц)  •  419 Просмотры

Страница 1 из 8

   

                                                                                                             Жанаева  Бану  Нурахметовна[pic 1]

                                                                                           Алматы облысы

                                                                                           Еңбекшіқазақ ауданы

                                                                                          «Еңбек орта мектебі- мектепке  

                                                                                          дейінгі шағын орталығымен КММ

        қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі                      

                                                                                             zhanaeva.64 @mail.ru

                                                                                              тел:  87714562742

                                                            Э С С Е

        Қазақстан Республикасының   Білім  беру  жүйесіне  2016  жылдың қыркүйегінен бастап  өзгерістер  енгізілетінін  барлық мұғалімдермен қатар  мені де селт еткізді. Өйткені  өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Сол себептен  курс бағдарламасымен таныс  бола бастаған күннен бастап , яғни 2016 жылдың 13 маусымынан, мен   мектеп тренері деген ұғымды  тереңірек түсініп, қазіргі күні   жаңа  реформаны жүзеге асыру  үшін  мұғалімдер қауымына  арналған «Жедел жәрдем» деп білемін.  Себебі,   менің түсінгенім   І, ІІ деңгей  бағадарламасын  меңгерген  мұғалімдер   мектеп тренеріне арналған  курс бағдарламасын толық меңгеріп шығып, өзінің  мектептеріндегі  мұғалімдерді  бір оқу жылында  100 сағат  көлемінде  оқыту  керек.  Бұл Бағдарлама   педагогтардың кәсіби дамуына  арналған негізгі материал екенін түсіндім.

Осы  Бағдарламадан күтілетін нәтижелер;

  • Оқушылардың қалай оқу керектігін  мұғалімдерге үйрету;
  • Оқушыны  өзінің ой тұжырымдарын еркін  жеткізуге баулу;
  • Оқушының  АКТ ны  пайдалану арқылы білім алуына ықпал ету.

Нәтижеге ұтымды қол жеткізу  үшін мектеп тренері ретінде  курс барысында алған әдіс тәсілдерді ұтымды пайдаланамын деп ойлаймын. Мектеп тренері болу  мен үшін   ауыр жүк.

       Мектеп  тренері болу үшін    адам бойында  мынадай  дағдылар  мен  құндылықтар болу керек екендігін түсіндім : көшбасшылық,  зерттеушілік, мәдениеттілік, адамгершілік,

өзіне өзі сенімділік , кәсіби білімділік және тағы басқа. Осы құндылықтарды  бойымызға  сіңіре отырып,  мектебіміздің білім сапасын қөтеру үшін тыңдаушыларымызға дұрыс бағыт бағдар беруге  жұмылдыра аламын деген ойдамын.

Жанаева  Бану

қазақ тілі пәні мұғалімі

     Жаңа заман ұстаздан үнемі ізденуді, білімін жетілдіруді, жан-жақты біліктілікті талап етеді. Сондай мақсатпен мен өзімнің білімімді жетілдіру үшін үш айлық курсына келдім. Бұл  оқытудың басты мақсаты: алдымен ұстаздың өзін-өзі реттеуі, содан қалды оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, жан-жақты даму және де  алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушыны бар қырынан ашу.

    Қазір біз соңғы аптада жүрміз. Осы аралықта  алдымыздағы оқушыға біретін білімнің  түрлі тәсілдерімен, оларды жан-жақты ашудың жолдарын қарастырдық. Ұлы данышпан Әл-Фараби айтқандай «Адамға алдымен тәрбие беру керек» деген қағиданы ұстана отырып, алғашқы сабақтарымыз мәдениет туралы болды. Мұнда мұғалім, оқушы өзін қалай ұстау керек? Олардың арасындағы жақсы қарым-қатынас қаншалықты жақын болу керек?- деген сұрақтар төңірегінде топ болып, жұп болып өз ойларымызды ортаға салып, ой түйіндедік. Мінсіз оқушының қасиеттерін басқа елдердің оқушыларымен салыстыра отырып, өзімізге жақын қасиеттерді анықтау барысында өз бойыма түрлі деректер жинадым. Соның ішінде бала сабақта, ұстаз алдында, көпшілік алдында  өзін еркін ұстауды үйренсе өз ойын толық жинақтайды деп ойлаймын. Л.Выготский «Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін мадақтау керек» деген ойы соның дәлелі.

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (194.4 Kb)   docx (766.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club