Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Радиациялық экология жайында түсінік

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Реферат  •  527 Слов (3 Страниц)  •  1,545 Просмотры

Страница 1 из 3

Жоспар:

  • Кіріспе бөлім
  • Радиациялық экология жайында түсінік
  • Негізгі бөлім
  • Радиациялық экологияның даму тарихы
  • Радиоактивті қалдықтар.
  • Радиоактивті ластану
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Радиациялық экология ғылымы – бұл қоршаған ортаның табиғи, техногенді және жасанды радионуклидтермен ластануы салдарынан және олардың адам денсаулығына, тірі организмдерге әсерінен туындайтын проблемаларға байланысты пайда болған жалпы экологиядағы жаңа бағыт. Жалпы радиациялық экологияның екі аспектісі бар және олар әр түрлі тәсілдермен анықталады:

  1. Радиоактивті заттардың тірі ағзаларға, түрге, популяцияға және экожүйелерге әсері.
  2. Қоршаған ортаға түскен радиоактивті заттардың көзі және қоғамның оның таралуын реттейтін механизмдері.

Радиациялық экологияның даму тарихы.

Радиациялық экология ғылымының даму тарихы бес кезеңнен тұрады:
- екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралық;
- ХХ ғасырдың 50 – 60-шы жылдар аралығы;
- ХХ ғасырдың 60-шы жылдардың аяғынан басталатын аралық;
- 1986 жылдан басталатын аралық.

Радиациялық экология ғылымының дамуының бесінші кезеңі Семей сынақ полигонының жабылуымен және оның радиациялық әсерінің жергілікті тұрғындарға әсерін түсіндіру салдарымен байланысты. 

«Радиациялық экология» термині алғаш рет 1959 жылы Б. Иоганзеннің оқу құралында кездеседі. Онда автор «Физика саласындағы ашылған жаңалықтар, иондаушы сәулелердің: рентген сәлелерінің, гамма сәулелерінің, альфа-бөлшектердің, бета-бөлшектердің және нейтрондардың организмге әсерін зерттеу міндетін – «радиациялық экология» деп атауды ұсынады. Вильгельм Конрад Рентгеннің 1895 ж. Х-сәулелерді ашуы, кейіннен бұлардың рентгендік деп аталуы ядролық физиканың және радиациялық биология мен экологияның дамуына жол ашты. Радиациялық экология ХІХ ғ. 40 — 50 жж басталып, XXI ғасырдың басында қалыптаса бастады. Оған себептер жеткілікті: уран өндірісі, атом қару-жарағын жасау және сынау, атом энергетикасын дамытқан үстіне дамыта беру, оларға байланысты туған жанжалдар (инциденттер), радиаоктивті материалдар мен қалдықтардың шешілмеген мәселелерінің күннен-күнге шиеленісе түсуі.

Радиациялық экология жалпы экологияның бір бөлімі деп қарастырады және де оның экожүйелермен байланысы бар екенін анықтайды: радиоактивті заттар – радиация – тірі ағза. Сонымен қатар, табиғаттың өзіне тән радиоактивті заттары бар екені мәлім, алайда онымен қоймай атомдық қарулар сынды заттарды қолдану нәтижесінде, бұл глобальды проблемаға айналып отыр. Қорыта айтқанда, жасанды радиацияның адамзатқа және қоршаған ортаға көптеген қиындықтар мен зияндар туғызуы, олардың әсерін барынша азайту, тіпті болдырмау мәселелері туындап отыр. Атом энергиясы саласындағы ғалымдар, инженерлер мен қызметкерлер алдында тұрған біріне-бірі қарама-қарсы екі мәселені шешуі тиіс. Бұған мемлекеттердің қамқорлығы мен саяси шешімі керек. Бірінші мәселені алатын болсақ, ол — жердің үйреншікті табиғи көмірсутегі энергия көздерінің шексіз еместігі және олардың 30 — 40 жылдан кейін сарқылу қаупі, және оның орнын толтыру үшін қазір бірден-бір, нақты көрініп тұрған, жүздеген жылдарға жететін, тіпті шексіз деп айтуға болатын, экологиялық жағынан өте таза ядролық және термоядролық энергияны қауіпсіз пайдалану. Осының нәтижесінде атмосфераны жылытатын, озон қабаттарын тоздыратын көмірқышқыл газын түпкілікті азайту мәселесін шешуге кірісу.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (115.2 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club