Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы
Автор: Smillowya • Сентябрь 30, 2021 • Эссе • 649 Слов (3 Страниц) • 431 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Журналистика
Мамандық: Қоғаммен байланыс
[pic 1]
Эссе. «Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы»
Орындаған: Советова Айгерим Саниязовна
Қабылдаған: Кудайбергенов Сергазы Ережепулы
Алматы, 2020
Тәуелсіздік және Қазақастанның ұлттық идеясы
Тәуелсіздік- тарихы тереңде жатқан, мыңдаған адамның қаны төгіліп, қыстың қаһарлы суығында жандарын пида еткен, елі үшін жанын берер азаматтардың егемендікке қол жеткізген күні. Тәуелсіздік-біздің ең басты құндылығымыз, қолымызда бар байлығымыз. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқан кезден-ақ бастарынан көптеген қиындықтарды өткерген халық болды. Осындай қиындықтардың барлығына төтеп беріп, қабырғалары қайыспай, берілмегендіктерінің арқасында бүгін біз осындай терезесі өзге елдермен тең, даңқты, тұғырлы мемлекет болып отырмыз. Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – біздің ортақ патриоттық құндылығымыз.Біздің Қазақстанның ұлттық идеясы “Мәңгілік ел” құру. Елбасымыз «Мәңгілік Ел» – ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген. Алдымен, ұлттық идея деген ұғымға тоқталайық. Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады. Ұлттық идеяның мынадай белгілері жалпы жұрт қабылдаған болып саналады: ол шағын және түсінікті болуы керек; көру бейне-нышаны болуы және идеологияға сүйенуі керек; тарих, аңыз, әфсаналар арқылы бабаларымызға тиесілі болуы керек; адамға да, қоғамға да, билікке де тиімді болуы керек. Бұл ретте ұлттық идея билік пен қоғаның шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске асуға мүмкіндік алатынын көрсете кеткен жөн. Бұл теориялық тұрғыдан негізделген ұлттық идеяны еліміздің басым бөлігі ұғынып, қабылдаған кезде мүмкін.Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған 1997 жылғы «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды. Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық. Елбасымыз өз жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.
...