Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіздік қастерлі ұғым-ең қымбат қазынамыз

Автор:   •  Ноябрь 6, 2022  •  Эссе  •  317 Слов (2 Страниц)  •  1,000 Просмотры

Страница 1 из 2

                                           Эссе  

          Тәуелсіздік қастерлі ұғым-ең қымбат қазынамыз.

Тәуелсіздік- ел еркіндігі,баға жетпес байлығымыз, ең құдіретті сөз екендігін барлығымыз білеміз.Тәуелсіздік бесігінде тербеліп келе жатқанымызға отыз бір жылдай уақыт болды.Осы уақыт аралығында мемлекетіміз Қазақстан жеке -дара ел екенін дәлелдей алды деп ойлаймын. «Тәуелсіздік» осы бір ғана сөз  біздің жүрегімізге  бақыт,байлық,достық , бейбітшілік,жылулық ты ұялатады.  Тәуелсіз еліміздің білімді, әрі  отансүйгіш ұрпақтарын тәрбиелеудегі ұстаздардың білім саласында атқарып жүрген ағартушылық еңбектеріде  аз емес.  Осындай бақытты, тәуелсіздік мемлекетте білім беру саласында 18 жылдай уақыт аралығында жұмыс жасап келемін.  Мен тәуелсіз елдің ұстазымын! Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.Жеке  тұлға , дарынды оқушылар тәрбиелеу үшін көп еңбек,талмас талап керек.Оқушыларды қызықтыра оқыту мақсатында әртүрлі-әдіс тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Мұғалім білімді болса,оқушылар көбірек білім алып шығады.Ұстаз сөзімен,ісімен,білікті білімімен ,тіл табысушылық қасиетімен,өз кәсібін қадірлеген адам ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады.Егер өзіме артылған міндет пен жауапкершілікті дұрыс атқара алмасам ,ұстаздық атыма сын.Ұстаздық ету жолында алдағы қиындықтарды мойымай,өз іскерлігімді, тәжірибемді көрсете отырып,білімді,ақылды ,талапты шәкірт тәрбиелеу ұстаздық еңбегімнің жемісі деп білемін.Біз тәуелсіз елдің ұстаздары ,мемлекетіміздің өркендеуіне, өсуіне, тәуелсіздігін баянды етуге,білім саласын дамытуға,қызмет етуге парыздармыз.Әліде мемлекетіміздің одан ары өркендеуіне, өсуіне аянбай еңбек етуіміз қажет.  Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Оқушылармен қатар білімімді жетілдіру мақсатында көптеген олимпиадаларға,байқауларға, турнирлерге қатысуға тырысамын . Қазір білім беру саласында жаңа технологияларды  қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жасағанды ұнатамын.Жаңа технологиялардың түрі мол әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етеді.Ойын  технологиясын  үнемі қолдану арқасында ,көздеген мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болу үшін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын заманауи ұстаздар ешқашан білімнің туын төмен түсірмеуі тиіс. Тәуелсіздік қастерлі ұғым-ең қымбат қазынамыз.Тәуелсіздігімізді мәңгілікке  ту етіп,әлемге елімізді танытайық.Мен тәуелсіз елдің ұстазы ретінде бар білімімді, күш- жігерімімді, еңбегімді  туған ел болашағы  үшін арнаймын.Егемен еліміздің тәуелсіздігі мәңгі жасасын!

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (55.1 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club