ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын зерттеу
Автор: Амангелдi Гулфариза • Июнь 7, 2022 • Эссе • 1,106 Слов (5 Страниц) • 411 Просмотры
Тақырыбы:ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын зерттеу.
Орындаған:Қызыр Бибінұр
Тобы:107К-ХИ
1.Биыл біздің тәуелсіздігімізге-30 жыл!Мақаланың бұлай аталу себебі бәрімізге айдан анық.Біздің осы күні тату тәтті ,бейбітшілікте,соғыссыз өмір кешіп жатқанымыз,ешкімге тәуелсіз бір шаңырақта өмір сүріп жатқанымыз елі үшін жанын берген сан ғасырлық ата-бабаларымыздың арқасы.Біз –бақытты ұрпақпыз.Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.Тәуелсіздік жаннан қымбат рухани байлық деп білемін.
2.Алғашқы он жылдықты Президентіміз өз мақалсында «Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі» деп атап өткен .Алғашқы онжылдықта тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп,өз билік жүйемізді құрған болатынбыз.Одан кейін 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз –теңгені қолданысқа енгіздік.ҚР Конституциясы мен Қарулы күштерді құрып,әлемдік қауымдастыққа сырт елдермен дипломатиялық,бейбіт келісім жасастық.Еліміздің болашағын көркейту,нығайту мақсатында әрі Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару мақсатта «Қазақстан -2030» стратегиясын қабылдадық.Ұлтымыздың қауіпсізідгі үшін жаппай ядролық қарудан бас тарттық.Нарықтық экономика өрлеп,Отандық кәсіп жүзеге асырылды.Білімді ұрпақ үшін оқу орындары кеңінен ашылып,бой көтерді.
3Екінші онжылдықтағымемлекетіміздің ерекшеліктерін айта кетсем ,ең әуелі мемлекет экономикасының нығаюы артып,заң жүзінде құрлықтағы шекарамызды бекіттік.Тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу,ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру немесе қайта жасау.Ауыз әдебиетін,халқымыздың әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерін зерделеудің біртұтас жүйесін жасап,шет елдерде Қазақстанның мәдени мұрасын көрсету мақсатында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 2004 жылдан бастап жүзеге асырылған болатын және осыншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдері ішінде бастағандардың ең алғашқысы біз болдық.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткіздік.ЕҚЫҰ-ның, Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары кеңесінің самиттерін өткізуге және тағы да басқа маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық.Қазіргі таңда Қытайдан Қазақстанға,Орталық Азия елдеріне,Ресейдің батыс өңірлері мен Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа бағытына айналған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»халықаралық транзиттік дәлізі – ел экономикасына тың серпін берген ірі жобалардың бірі болды.
4. «Әділетті мемлекет дегенді қалай түсінесіз?
Менің пікірімше әділетті мемлекет деген тек елдің байлығын немесе экономикасын дамытып қана қоймай жан жақты барлық салада ел болашағы үшін қамтылатын мәселелерді шешетін мемлекет.Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін олардың жеке бас құқығы мен мүддесін қорғайтын,олардың тұрмыстық жағдайын қарастыратын әрі білімді ұрпақ қалыптастыру мақсатында барынша еңбек ететін мемлекет әділетті мемлекет деп білемін.
5.Төртінші онжылдықтағы бізге жүктелінген міндет-қуатты елдің иесі және кемел халық болу болатын.Еліміз алдағы уақытта әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды жоспарлаған болатын.Халықтың әл-ауқатын,әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделген.Еліміздегі барлық азамттардың мүддесін қорғау міндеттелді.Экономидағы өсу жолдарының бірнеше көздерін қарастырып ,алға мақсат етіп қойылды.Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастыру және заман талабына сай бейімделген жастардың,ұлттың жаға болмысын қалыптастыру мемлекеттің төртінші онжылдыққа бекітілген жоспары қатарында болды.
...