Тіл достықтың алтын көпірі
Автор: Zhansulu99 • Май 10, 2022 • Реферат • 807 Слов (4 Страниц) • 2,580 Просмотры
Ерқожина Жансұлу Ерқожақызы 12.07.1999 ж.т
Ақтау қаласы, 32а-13-2
+7 747 840 48 92
+7 700 267 74 96
Yerkozhakyzy@mail.ru
«Каспий өңірі ‟ Болашақ „ колледжі» НОО-16 с/о тобы
Жетекшісі: Орынбасарқызы Жанбала
+7 778 381 13 96
«Тіл достықтың алтын көпірі»
Адамға екі нәрсе тірек болса, соның бірі – тілі. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүті арқылы бойына дариды. Ол – халықтың жаны, мәдениетінің негізі, адамды мұратқа жетелейтін әрі тәрбие беру құралы болып табылады. Тәуелсіз зайырлы Қазақстан Республикасы – біздің берекесі жарасқан атамекеніміз. Еліміз Әнұранымен айбатты, Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы мемлекет. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. 1998 жылдың ақпан айында қабылданған жарлыққа сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін жан жоқ шығар, сірә! Тіл мәселесі – қашан да өткір, өзекті мәселелердің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, мына біз жас буындардың алдына қойылған негізгі басты міндеттердің бірі. «Ана тілі» деген сөз – бұл ұлттың тілі, ғұрып-салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген ұғым.
Біздің мемлекет – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда жүз отыздан аса ұлттар мен ұлыстар тұратыны бәрімізге мәлім. Әр ұлттың өзіне тән ата-дәстүрі, ана тілі бар. Әрбір өзін-өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып, өзге ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеу, қазақша ой ойлауы мүмкін. Осыған дәлел ретінде: «Ұлтым әзірбайжан болса да, мен – қазақтың бір қызымын. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша жырлаймын. Бір халықтың тілін білген адам сол халықтың жан дүниесін сезінеді, рухани құндылықтарына бойлай алады, қуанышы мен қайғысына ортақтасады. Мен Қазақстанда тұрып, сол мемлекеттің тілін білгенімді өзіме зор мәртебе санаймын»,- деген әзірбайжанның ақын қызы Асылы Османова. Міне, ұлты басқа болса да, елімізге деген, тілімізге деген зор құрметті көруге болады. Жаны «қазақ» деп соққан апамыздай тілімізге жанашырлық танытып, ана тілімізді ардақтап, өз тілімізде сауатты әрі ойымызды анық жеткізе алсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Біздің тіліміз – Қазақстан халқын біріктіретін басты құрал болуы керек. Ол үшін казақ тілінің саясатын одан әрі дамытып, түрлі ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынасты нығайту керек. Еліміздің бірден-бір көрінісі – түрлі ұлттар арасындағы ауызбіршілік, бір-біріне деген мейірімділік көз қарасы. Барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, достық пейілде болуы Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасында екені даусыз.
Қазір Елбасымыз үш тілді саясатты міндеттеп отыр. Негізгі мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз ана тілін құрметтеп, өзге тілдерді білуіне бағдар жасау. Елімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі болып табылады. Бұл болашаққа жасалған үлкен қадам. Менің ойымша, егер адам басқа тілдерді білетін болса, онда ол рухани бай адам деп түсінемін. Себебі, сол тіл арқылы халықтың мәдениетінен, дәстүрінен хабардар болады және де танымы кеңейеді деп білемін. Сонымен қатар, басқа халықтардың тілін, мәдениетін құрмет тұтып, олармен достық қарым-қатынаста болуды көздейді. Ұлттар арасындағы достықтың басты сипаты – бір-біріне деген сыйластығы. Екі ұлт бір-бірінің мәдениетін, тілдік қасиетін және өзара жан дүниесін түсінгендігінің белгісі.
...