Тіл білімі
Автор: Shamataeva • Сентябрь 19, 2020 • Контрольная работа • 466 Слов (2 Страниц) • 318 Просмотры
Шаматаева Айнур, 103 группа
1.Тіл білімі нені зерттейді?
Тіл білімі – тіл және оның даму заңдарын зерттейді.
2.Тіл білімі және оның салаларын атаңыз
Тіл білімі – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика, стилистика. Тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары үнемі дамуда болады. Ол даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму заңдары бойынша іске асып отырады.
Тілдің әртүрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір біріментығыз байланыста болады.
3.Адамдардың вербальды емес қарым-қатынасы деген не?
Ара қатынастың 2 түрі болады:
1)Вербальды
2)Вербальды емес
Вербальды емес қарым қатынас – бұл ауызша немесе жазбаша сөздерді пайдаланбай хабарламаларды жіберу және қабылдау процесі. Қолмен жұмыс жасау тілі деп те аталады.
Мысалы 2 адам бір бірінің тілін білмейді, түсінбейді дейік. Олар көптеген қиыншылықтарды сезінсе де, олар бір біріне мимика, көз жанасуы және қолдың қозғалысы арқылы хабарды қалай жеткізгісі келетінін айта алады.
Тіпті жұмыс орнында, мектептерде, көшелерде осындай қарым қатынас орын алады.
4.Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және айырмашылығы неде?
Жеке тіл білімі белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын, даму заңдарын зерттейді. (қазақ, орыс, ағылшын тілі, т.б.)
Ал жалпы тіл білімі - тіл дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Жалпы тіл білімі бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады.
...