Орта ғасыр тіл білімі
Автор: AjdynR • Июнь 4, 2023 • Доклад • 354 Слов (2 Страниц) • 189 Просмотры
Орта ғасыр тіл білімі
Менің ойымша, әрбір ғасырдың өзіндік тіл білімі бар. Сол ғасырлардың ішіндегі небір кезеңдер, шытырманға толы дәуірлерді қамтитын тіл білімі – орта ғасыр тіл білімі. Орта ғасыр тіл білімі араб тілі білімінен бастау алып, бірнеше тіл білімдерімен жалғасады. Әбу Насыр әл-Фараби, әбу Хайян әл-Гарнати еңбектерін қамтиды.
Орта ғасыр тіл біліміне араб, армения, жапон, иран, түрік тіл білімдері жатады.
Араб тілі білімі ислам дінінің тарауымен қатар тарады. Дүние жүзінде діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызы, шариғаты, уағыздары, жазбалары тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Менің ойымша, дін тарауы арқылы тіл тарады. Оған мысал - араб тіл білімі арабтарда ғана таралып қана қоймай, ислам дінін ұстанған халықтардың арасында да, тіпті ислам дінін ұстанбаған халықтар арасында да кең тарауы. Түркі тілдес халықтарының ислам діні арқылы өз тілімен қатар араб тілін білді. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын латын тілі грамматикасы да болды. Мысалы, жеке тілдер грамматикасы да латын тілі грамматикасы негізіне сөз больш, соның үлгісінде түсірілді. Латын тілі грамматикасы барлық тілдерге бірдей қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінді.
Ирандық тілі біліміне келетін болсақ, ол Авеста, Фирдаусидің «Шахнамасынан» бастау алып, түсіндірме сөздіктерді қамтыды және парысы тілінің дамуымен байланысты.
Ал армения мен жапон тіл білімі дәуірлері, кезеңдерді қамтыды және жалпы мәселелерді, жеке сұрақтарды қарастырды.
Түркі тіл білімі араб халифатынан басталды, және Россиямен байланыса дамыды.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы деп ойлаймын. Оған дәлел жоғарыда айтып кеткендей тіл мен діннің қатарласа тарауы.
...