Таза мінсіз асыл сөз
Автор: abitaevad • Октябрь 17, 2018 • Творческая работа • 1,239 Слов (5 Страниц) • 837 Просмотры
Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығы
[pic 1]
«Таза мінсіз асыл сөз»
Мәнерлеп оқу сайысы
Сарыкемер 2018 жыл
БЕКІТЕМІН
Байзақ ауданы әкімдігінің
білім бөлімі «Мәңгілік Ел»
тәрбие және білім беру
орталығының директоры
___________Ж.К.Култаев
«Таза мінсіз асыл сөз» тақырыбында өткізілетін мәнерлеп оқу сайысының жоспары
Өтілетін орны: Бурыл мектебі
Өткізілетін мерзімі: 06.03.2018 жыл
№ | Іс-шараның тақырыбы | Жұмыстың түрі | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Таза мінсіз асыл сөз» тақырыбында өткізілетін мәнерлеп оқу сайысының жоспарын құру (Талантты көшбасшылар арасында) | бағдарлама | 01.03.2018 | Д.К.Абитаева |
2 | Қатысатын оқушылар тізімін дайындау | ұйымдастыру | 02.03.2018 | ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы, тәлімгер |
3 | Әділ-қазы алқасын сайлау | ұйымдастыру | 05.03.2018 | Д.К.Абитаева |
4 | Өткізілген мәнерлеп оқу сайысының материалдарын жинақтау | анықтама | 07.03.2018 | Д.К.Абитаева |
Қосымша білім беру педагогы: Д.К.Абитаева
Жұмыс телефоны: 5-00-00
Ұялы телефон: 8 776 674 14 26
8 747 194 18 27 Эл.почта: bmglkel@bk.ru
Тақырыбы: «Таза мінсіз асыл сөз»
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Өткізілетін орны: Бурыл орта мектебі
Өткізілетін мерзімі: 06.03.2018 жыл
Өткізілген іс-шара түрі: Мәнерлеп оқу
Өткізілетін әдіс-тәсілдері: Сайыс
Қатысушылар: Талантты көшбасшылар
I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Жүрегі елім деп соққан болашақ еліміздің талантты көшбасшылары «Таза мінсіз асыл сөз» мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз! Сайысымыздың кезеңдері және мақсатымен таныстыру үшін аудандық «Мәңгілік - Ел» тәрбие және білім беру орталығының жетекші маманы, филолог Абитаева Динара Канатбековнаға беріледі.
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне, жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс талантты көшбасшылары арасында өтеді.
Олар:.....................
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:
...