Қалай табысты болуға болады? Табыстылық сапалары
Автор: asdasdqw • Апрель 16, 2023 • Доклад • 334 Слов (2 Страниц) • 618 Просмотры
СӨОЖ
Қалай табысты болуға болады? Табыстылық сапалары.
Тапсырма. Қалай табысты болуға болады? Табыстылық сапалары. Табыс туралы көп айтамыз, табысты болуды қалаймыз. Шындығында табыс дегеніміз не? Біздіңше, табыс дегеннің не екенін әркім өзі анықтағаны дұрыс. Жалпы табысты адам мен табыссыз адамның айырмашылығы неде? Осыны талдап көрелік. Өз бетіңізше жазыңыз.
1. Табысты адам әрқашан мүмкіндікті іздейді, ал табыссыз адам сілтеулерді іздейді. Мынадай жағдаят, айталық – қаржының жетіспеуі. Табысты адам қаржы табу мүмкіндіктерін іздейді, қаржыны басқару туралы білім іздейді; ал табыссыз адам басқаларды кінәләп, уақытты босқа өткізіп, өзімен өзі наразы болып жүреді. Табысты адам қимылдайды, тірлік етеді, ал табыссыз адам ешқандай қимыл істемейді, талпынушылық білдіртпейді. Табысты адам уақытқа, білмейтініне, қорқынышқа қарамастан жұмыс істейді. Ал табыссыз адам мүмкіндік болса да оны пайдаланбау мүмкін.Табысты биікке ұмтылады, ерінбей жұмыс істейді, әр мүмкіндікті пайдаланады «сол кезде жасай алмадым, ал қазір жасай аламын» - табысты адамның ішкі диалогы осындай; ал табыссыз адамның ішкі диалогы: ертең де жасалам болады, тағы басқа мүмкіндіктер болады, қорқамын, егер де ешқандай нәтиже болмаса.
2. Табысты адам сүрінсе де, құласа да тұруға ұмтылады, табыссыз адам бар жағдайына риза болып, риза болмаса да елеулі қимылдарды істемейді.
3. Табысты адам тәуекелге барады, табыссыз
Адам көбінесе қорқақ, өзіне сенімді емес, талпынбайды.
Бақытымызға қарай немесе өкінішке орай өмірде не болмайды. Ең жақсы деген жоспарыңызға да ыңғайсыздықтар килігуі мүмкін. Табысты адам мұны түсініп, белгісіздікке тағы да қадам жасайды.
4. Табысты адам шыдамды, өз мақсатына ұзақ жүруге дайын, табыссыз адам бір сүрінсе ары қарай баспайды, жалқау, қиыншылық тардан қашқақтайды.
...