Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы

Автор:   •  Март 12, 2023  •  Реферат  •  1,153 Слов (5 Страниц)  •  182 Просмотры

Страница 1 из 5

«Сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы»

Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясына тың серпін беріп, өлеңге ұлттық нақыш қосқан қайталанбас тұлға.  Ол әдебиетке, поэзияға өз көркемдік әлемімен, өз таңбасымен келген ақын. Оның шығармашылығы әдебиеттану ғылымы мен сынының назарын болып, жоғары бағасын алып отырған. Ақын шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихына өшпес мәңгілік мұра ретінде енген. Қадыр ақын саналы ғұмырын туған еліне арнап, перзенттік адал махаббатымен елді, жерді шынайы жырлаған. Артында қалған қаншама ғасырға жететін мұрасына қарап тынымсыз еңбек еткенін аңғарамыз.

Ақынның шығармашылығына терең бойламай тұрып, шығармашылық өмірбаянына бір назарымызды аударып өткенді жөн санадық. Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастап, кейіннен «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Оның қызмет орынының барлығы әдебиетпен тығыз байланысты болғандықтан қаламын тастамай, өнімді еңбек етті.

Қадырдың  тырнақалды шығармасы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды.  Сол уақыттан бері ақынның 40-тан астам жыр жинағы мен әдеби-сын,  ән өлеңдері мен прозалық кітаптары жарық көрді. Атап айтар болсақ, «Көктем» (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ», » Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан» (1981), «Саз сиқыры» (1982), «Күндер-ай» (1984),   сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы  «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Сондай-ақ, бірнеше пьесалары да сахналанып, театр төрінен алған. Қадырдың өлеңдері тек қазақ қауымына ғана емес, шетел жұртшылығына да таным. Өлеңдері бірнеше шетел тілдері аударылған. Сонымен қатар, өзі де аудармамен айналысып Овийдің,  Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,  Петифидің, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.

Ақын әдеби сыйлықтардан да құр алақан қалған емес. Оның ерен еңбегі дер кезінде ескерілген. Мысалы, 1966 жылы «Ой орманы» деген жыр жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығын алса, 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Қазақстанның Халық жазушысы атанып, 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына қол жеткізді. Бұның барлығы Қадыр ақынның әдебиетке адал болғандығының жемісі.

        Қазақтың көрнекті ақындарының бірі һәм бірегейі Қадыр Мырза Әлінің поэзиясы қашан да мәнді әрі өміршең. Қазақ поэзиясының өсуіне, өркендеуіне, кемелденуіне зор үлес қосқандардың бірі – Қадыр ақын. Оның шығармашылығы ғалымдар тарапынан болсын, әдебиетшілер тарапынан болсын, оқырмандар тарапынан болсын жоғары бағаланып, ыстық ықыласқа бөленіп келе жатқанын да айрықша айта кеткеніміз жөн. Ақынның поэзиясына академик Зейнолла Қабдолов: «Қадыр Мырзалиев – сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады» [1,7], – деп лайықты бағасын берген болатын.

Қадыр ақын өлеңдерін оқушыларға оқыту және оқушылар арасында насихаттау мақсатында мынандай тақырыптарға бөліп қарастырсақ болады.

  1. Ана
  2. Тіл
  3. Ақиқат
  4. Табиғат
  5. Бала тәрбиесі
  6. Туған жер

Ал оқушылардың бойына ұлт тәрбиесін сіңіру мақсатында ақынның өлеңдері таптырмас құрал. Себебі, ақын шығармашылығында оқушылардың бойына ұлт тәрбиесін сіңіру мақсатында мына дағдылар айрықша көрініс тапқан:

  1. Туған жерге сүйіспеншілік
  2. Мәдениеттілік
  3. Ар-намыс
  4. Патриотизм
  5. Ұлттық өнеге
  6. Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Қадыр ақын поэзиясының шоқтығы биік. Оның өлеңдері ұлт рухын қалыптастырып, отаншылдық сезімді оятады. Сол себепті Қадыр поэзиясынсыз қазақ әдебиетін көз алдымызға елестете де алмаймыз. Ал Қадырды бұл дәрежеге жеткізген сөзі, ұстанымы «Әдебиет ұлттық болу керек» деп түсінуі.  Ақын өлеңдерінен халқымыздың жаны мен болмысын тани түсуге болады. Біздің бұл сөзімізді академик Серік Қирабаевтың мына бір сөзі де дәлелдей түседі: «Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар» (2,129). Сөзіміздің салмағын ақын Аманхан Әлімнің де пікір де арттыра түседі: «Ол қазақ поэзиясы арқылы алып Қазақстанның, оның ішінде ұлтымыздың тұтастай понорамасын жасаған тұлға. Оның поэзиясы бізді поэтикалық өнердің заңдылығы мен ерік еркіндігіндегі сезім мен ойдың уақыты мен кеңістігін, биіктігі мен тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезіндіріп, білдіретін ерекше құбылыс. Қадекең поэзиясынсыз толыққанды ұлттық қазақ поэзиясын көз алдымызға келтіру қиын. Ол – аксиома. Оның бүкіл шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам, заман, уақыттың барометрі» [3]. Бұл пікір арқылы ақын поэзиясын ұлт табиғатынан бөліп алу мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (83.2 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club