Сөз тіркестерінің грамматикалық, ұйымдасу түрлері
Автор: Махаббат Бейсембаева • Февраль 9, 2021 • Лекция • 1,636 Слов (7 Страниц) • 417 Просмотры
Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (модельдері) пайда болады.
Сөз тіркесінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатынасы мен байланысының сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категориялық мағынасының тікелей қатысы бар.
Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі. Сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөздің арасындағы синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар.
1 Қиысу сөздердің синтаксистік байланыс түрлерінің бірі ретінде орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде көбіне сөйлемге қатысты. Осыған орай, түркі тілдері үшін синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрін предикативті байланыс түрі деп атауға болады.
2 Матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Қиысу мен матасудың арасында кейбір ұқсастықтардың бар екені рас. Қиыса байланысқан сөздердің арасында жақ, жекелік-көптік жағынан үйлесім келеді. Алайда, сөздердің байланысының бұл түрлерінің арасында айырмашылықтар да бар.
3 Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын керек етеді.
4 Сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Қабысу байынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Яғни орын тәртібі арқылы байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары зат есім мен етістіктерден болады.
Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, сөйлем мүшелерін т.б. синтаксистік формаларды адам ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар деп қарастырады.
Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын морфологиялық –синтаксистік категория ретінде қарастырады.
Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ілімді синтаксис дейміз.
2.Синтаксистің зерттелу тарихы
Қай ғылымды алсақ та, оның басталу, жетілу, даму кезеңдері болады.
Сөз тіркесі мәселелері ол баста қазақ тілі синтаксисі мәселесінің құрамында, сөйлем құрылысы орайында қарастырылып келді. Тек 1950 жылдардан бастап сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп шығып, өз алдына синтаксистің зерттеу объектісіне айналды. Яғни, синтаксис ғылымының бір саласына айналды.
Сөз тіркесі синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғынуымыз керек. Қай ғылымды алсақ та, олар жақтан бар болып пайда болады да, даму барысында олардың тармақталған салалары пайда
...