Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орфографияны игертуде диктант жұмысын жүргізу

Автор:   •  Ноябрь 3, 2022  •  Лекция  •  382 Слов (2 Страниц)  •  274 Просмотры

Страница 1 из 2

Орфографияны игертуде диктант жұмысын жүргізу

Оқушыларға орфографияны және өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын әдістерінің бірі диктант жаздыру болып табылады.

Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың «Қазақ тілін оқыту методикасында» диктант туралы былай жазады: «Оқушыларға орфографияны үйретуде көп қолданылатын әдістердің бірі – диктант жаздыру болып табылады. Диктанттың бірнеше түрі бар. Диктанттың түрлерінің барлығы да орфография мен грамматиканы үйрету үшін қолданылады. Тек бақылау диктанты оқушылардың білімін тексеру үшін жүргізіледі.

Қ.Жолынбетов «Қазақ орфографиясын игертудің негіздері» \1957\ кітабында диктантты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:

1) Үйрету диктанты

2) Бақылау диктанты

Мұндағы үйрету диктантын былайша топтастырады:

1)көру, 2)шығармашылық, 3)ерікті, 4)өздік, 5)сөздік, 6)ескерту.

Тіптен Р. Мұратәлиев, Ә.Марасұлов, Н.Қасабековалар диктанттың бастауыш сыныптардағы мынадай түрлерінің бар екендігін анықтайды:

1)әріп диктанты, 2) 6уын диктанты, 3) сөз диктанты, 4) сөйлем диктанты, ал көру, өздік, сөздік, терме, бақылау диктанттарын осы сөйлем диктанттарына жатқызады. Диктант жаздыруда жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге

деген жалпы педогогикалық ұстанымға сүйеніп жүргізіледі.

Бұл ұстаным бойынша әр сынып оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім дәрежесі есепке алынады. Мысалы, бірінші сыныпта екі-үш әріпті өтісімен әріп диктанты, олардан құралған буындарды игерту мақсатында буын диктанты, бірте-бірте сатылай қиындатып, сөз, сөйлем, графикалық диктанттарға ұласады. Сөйтіп оқушылар жоғарыда көрсетілген диктант түрлерін әбден меңгерілгеннен кейін барып үйрету диктанттарының күрделі түрлері /терме, көру, шығармашылық, ескерту т.б./ жаздырылады.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (66.3 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club