Материалистік Батыс пен рухани Шығыс антитезасы
Автор: Fariza Kemeshova • Октябрь 1, 2021 • Реферат • 747 Слов (3 Страниц) • 422 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Философия»
СӨЖ
Тақырыбы: «Материалистік Батыс пен рухани Шығыс антитезасы»
Орындаған: Жайлыбаева Фариза
Тексерген: Кудайбергенова Н.Ж.
аға оқытушы PhD доктор
Алматы 2021ж
«Материалистік Батыс пен рухани Шығыс антитезасы» (эссе)
Әлемдік өркениеттің, адамзат баласының тұрақтылығы, қоғамның теңгесіздігі Батыс пен Шығыстың бір-біріне қарама-қайшылықты болсада толысуына тікелей негізделген. Батыс пен Шығысты екі түрлі өркениеттің ошағы деп есептесекте, бір түпкілікті идея жатқандығын көруімізге болады. Дегенменде, бірқатар зерттеушілер Шығыс пен Батыстың арасында әлемдік бөлінуге алып келетін «шектеулі демаркациялық сызықтың» бар екендігін атап көрсетеді. Мәселе Шығыстық философтардың ойлары идеалистік, архаикалық, субективті кей жағдайда объективті, мистикалық, интуитивті болып келеді. Ал керсінше, Батыстың көзқарастар рационалистік, материалистік, заманауи, көп тақырыптары бостандық идеясын көздейді. Міне, осындай екі ұштылықтың кесірінен келісе аумашылық, қайшылықтастық, бәсекелестік антитезалар пайда болып жатады.
Әлемдік Батыс пен Шығыс тенденциясы сабақтаса дамуда. Бірі Басымдылық берсе, бірі Шығысқа басымдылық беріп жатады. Гелельдің пайымдауынша, ең бірінші Шығыста дүниежүзілік басталу болды, ал Батыс болса осы басталудың ақыры. Батыста: «күн сыртқы ортаға физикалық күйде шығады, яғни көбіне адам өзіне қарағанда сыртқы ортаға көп мән берген» Ал Шығыста: «адам өз-өзін тану арқылы ішкі әлемінен күн шығады, нұр сәулесі іштен пайда болады деген ойға әкеледі. Салыстырмалы түрде қарасақ, белгілі бір микро әлемді экзо (экзо) және эндо (ішкі) түрде қарастырады.
Гегель адамның физикалық түрде басымдылығын мойындау арқылы философтың Батыстың Шығыстан басымырақ екендігін мойындауына алып келді. Дегенменде, Гегель Батыста міндетті түрде сыртқы басымдылық болуымен қатар, ішкі рухани басымдылықта болу керектігін жеткізеді. Ішкі әлемдегі рухани нұрды физикалық түрде сыртқа шығару арқылы «ҮЛГІЛІ» болып өмір сүру. Егер Батысқа үстемділік бергенмен ода дайындық болсама, ЖАҢА БАТЫС қана емес, жаңа әлем тарихы да болмайды. Сонымен қоса, Батыста адам ойынына арнайы бір шектеу қойылмады, ой еркіндігі басымдырақ болды. Жаңа Заман тарихындағы Рене Декарттың мына бір сөзі дәлел: «Мен ойланамын, демек мен өмір сүремін». Ал керсінше, Шығыста ой еркіндігіне шектеу қойды. Ежелгі Шығыс философы Конфуцийдің пікірінше «Данышпан адам еш ойланбайды, себебі ол туылғаннан барлығын біліп туылад». Міне, осындай екі ұшты ойдың өзі Батыстың Шығыстан басымдырақ екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде де, Батыстың қарыштап дамуының да басты сыры осында.
...