Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәшһүр Жүсіп – ұлы тұлға

Автор:   •  Июль 12, 2023  •  Эссе  •  398 Слов (2 Страниц)  •  160 Просмотры

Страница 1 из 2

Мәшһүр Жүсіп – ұлы тұлға.

Мәшһүр Жүсіп жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Мәшһүр өз шығармаларында қазақ әдебиетінің тарихы мен алып ақындарына аса зор көңіл бөлген. Ұлы бабамыз тек бұнымен шектелген жоқ. Ол өз өлеңдерін жазып, ауыз әдебиетін бастырумен де айналысқан. Көптеген терең ойлы өлеңдер, шежіре, айтыстар тарихи жырлар да хатқа түсірілген.

Мәшһүр өзінің күллі ғұмырын қазақ халқының сауатына жұмсады. Өзінің көріпкелдік қасиетімен де халқының жағдайын ескере отырып, талай ақыл-кеңестерін шығармалары арқылы жеткізген. Кейбір журналдың бетінде елдің хал-жағдайын мақалап, өлеңдерін жариялаумен халық ауыз әдебиетін көп жинаған. Ел ішінің жан сырын одан батыл сынаған адам болмады десекте қателеспейміз. Ақын өз шығармаларында адамдарды тек ақ, қара деп бөліп, не болмаса оған сырттай сүйсінумен,не одан мүлде безінумен шектелмейді. Адамдардың біріңғай жағымсыз бола бермейтінін, қайта бір адамда әрі оң, әрі теріс қасиет болатынын жырлаған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде кең таралуы тек ақындығында емес, халық ауыз әдебиетінің жанашыры болғанымен де байланысады. Ол ауыздан-ауызға жұққан әдебиетте еліміздің өткен-кеткен сан-қилы жағдайын, бай дәстүрі мен тағдырын байқай білген. Осындай өлең-жырлардың, басқа да асыл сөздердің маңызды рөлін  түсіне білген Мәшһүр, жастайынан әдебиет пен тарихты байланыстыруды жаны сүйген. Оларды хатқа түсіріп, кейінгі буынға да жеткізбек ойы болған. Талай өлең жазғанымен,оның бірі бар, бірі жоқ. Десек те, көпті көрген ақын білгірлігімен асыл мұраларды өмір бойы жинақтаған. Соған байланысты халық мұрасын жинаған бабамыз: "Сияның құрамына мышьякты қосып, сауытпен жазамын. Сонда менің қолтаңбамнан ешбір жазу көрінбей қалмайды және өшпейді"-деген екен. Мәшһүр қазақтың ұлы тарихымен, әдебиетінің көне мұрасын жинаушы. Өмірінің тең жартысын асыл мұраға сарп еткен ақынның өлеңдерін халық сүйсіне тыңдаған. Көпеевтің жазған қара сөздеріне көңіл аударсақ, батыл әрі нақты іс жасайтын адам екенін көруге болады. Жұрттың қамын жырлаған Мәшһүрдің шығармалары әлі күнге дейін асқан тәлім-тәрбиені арқалап келеді. Сол себепті де ақынды "қолынан қаламы түспеген" деседі.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (39.5 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club