Мұғалім деген кім?
Автор: nurgali3010 • Сентябрь 30, 2020 • Эссе • 542 Слов (3 Страниц) • 690 Просмотры
Мұғалім деген кім?
Пидақорлық-адам бойындағы адамгершіліктің шыңы, тәуекелге бел буып, өз өмірін өзгенің жолында пида ету. Ол екінің бірінің бойынан табылмайтын қасиет. Бұл қасиеттің нағыз ұстаздың бойынан табылатыны шүбәсіз. Ғылым мен білімді бойында ұштастыра білген ұстаз-асқан білім мен икемділікті, шеберлік пен сабырды қажет ететін тұлға. Осыған орай «Ұстаз болу- жүректің батырлығы»,-десе керек.
Бүгінгі таңда нағыз ұстаз оқушыға мектеп бағдарламасынан ғана мәлімет беріп қоймай, оны экономика, ақпарат кеңістігіне шығуға, шынайы бәсекеге қабілетті болуға үйретуі керек. Осы іске деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы, құлшынысы ұстазға небір қиын жағдайда тірек болады. Ұстаз деген алып тұлғаның бойына барлық мамандық иелерінің қасиеті дарыған. Сол себепті де дәрігер сынды теңдесіз маман иелерін өсіру, арманға жетелеу білімді, жігерлі мұғалімнің ғана қолынан келеді. Еліміздің болашағы біздің қолымызда, ал біздің болашағымыз мұғалімнің қолында. Мұғалім-оқушыларын білім нәрімен сусындатып, бір емес, бірнеше жас жүректерге мәңгі ұстаз болып қалатын ұлы жан.
«Адамның адамшылығы-ғылым, жақсы ата, жақсы ана, ұстаздан болады» деген ойшыл Абайдың дана пікірінен дән іздеуіміз керек. Адамгершілік бұл- рухани тәрбие. Оқушыны адамгершілікке тәрбиелеу, болашақта ақылы мен жүрегі бірге жұмыс жасайтын адам ету-кезек күттірмес мәселе. Бұл үлкен жауапкершілікті де халқымыз мұғалімнің бойына артқан. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деген мақал-оқушы өнегелі ұстазымен бақытты екенінің дәлелі. Өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін оқушының бойына құйып, адамгершілігі жолында бар қуатын жұмсайтын ұстаздар біздің елімізде де баршылық. Өз отбасы мен мектепті бірге алып жүретін ұлы тұлғаға біз мәңгі қарыздармыз.
...