Мәдениетті адам деген кім?
Автор: Arailym.issatay • Октябрь 12, 2021 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 1,536 Просмотры
Жусупова Шахизада
«Қаржы» мамандығы,
1 курс, қазақ бөлімі
«Мәденитті адам» деген кім?
«Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне
қарай бағалауымыз керек»
Уинстон Черчилль
Мәдениет – біздің әлеміміз бен рухани әлемді түйістіретін нүкте десек те болады. Мәдениет – әлемде орнаған стандарттар, тұлғаға тиесілі рухани құндылықтардың, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі моральді нормалардың жинағы. «Мәдениетті адам» шын мәнінде, білімді адам ба, әлде гармонияға жеткен, атаракцияға қол жеткізген адам ба?
Атаракция – сабырлық, жан тыныштығы. Атаракцияға тек дана тұлғалар жетеді дейді. Сонда мәдениетті адам атаракцияға жете алады ма?
Қоғам – әр түрлі ұлттардан тұратын субъектілер ортасы. Осы қоғамның әшәнде мәденитті және мәдениетсіз адамдар өмір сұреді. Мідениетті адам мен мідениетсіз адамның айырмашылығына тоқталатын болсақ, мәдениетті адам өз алдына бір қатар талаптар қоятын тоқыған-оқыған тұлға десек те болады. Ал, ал мәдениетсіз адам өз халқының дәстүрінен беймәлім, этикалық нормаларды ұстанбайтын, мақсаты күн-көріс болып табылатын пенде. Дегенімен, сауатты, көзі ашық адам да мәдениетсіз болуы мүмкін. Мысалға өмірімде болған жайтпен бөліскім келеді. Мектеп кезімде өзімнің мектеп апайыммен бірге үйге қайтып бара жатқан едім. Жолда апайым қалтасынан қоқысын алып шығып, көше бойына лақтыра салды. Балалық шағымда назар аудармаған болатынмын, бірақ қазір бұл мәдениетсіздің бедгісі екенін анық білдім. Сонымен айтпағым, тіпті жоғары білімді, сауатты адамдардың өзі де мәденеиетсіз болуы ықтимал.
...