Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аштық деген

Автор:   •  Ноябрь 27, 2018  •  Реферат  •  2,116 Слов (9 Страниц)  •  638 Просмотры

Страница 1 из 9

  Аштық  деген тақырып көтерілгелі біраз уақыт болды. Ресейдің ақпарат құралдарында мынандай ақпарат тараған болатын. Қазақстан мен Қырғызстан аштық тақырыбын мифке айналдырып алған. Неге Өзбекстан мен Қырғызстанда көп адам қырылған жоқ, тек Қазақстанда көп адам қырылды дейді. Себебі, қазақтар өздерін-өздері құртқан деген мәселені айтып жатыр. Жалпы бізде аштыққа қандай баға беріліп жатыр?

       Қазақстанда ашаршылық болғанын шетелдің беделді, осы тақырыпты зерттеген зерттеушілерінің  бәрі мойындады. Олардың ішінде Стивен Уиткрофт бар. Ол өзі Австрияның профессоры, сосын Роберт Дэвис ол Англияның белгілі ардагер тарихшысы. Бұлардан бұрын Совет үкіметінің кезінде Американдық тарихшылар кеңінен мойындаған болатын.  Бұлар Сталиндік саясатпен байланыстырады. Қазақтар өздерін-өздері қырды деген шетелдік тарихшылардың ешқайсысында айтылмаған. Осы тақырыппен айналысып жүрген барлық шетелдік мықты тарихшылар түгелдей бір ауыздан Қазақстанда ашаршылықтың болғанын бұған қазақ халқының кінәлі емес екенін де мойындайды.  Қазақ өзін-өзі аштан қырды, жалқау халық болды, малдың соңында жүрді  деп айтатындар да бар. Сосын қазақта шолақ белсенді көп шығып, өздері ру тайпаға, жүзге бөлініп, бірін-бірі ұстап беріп, қуғын-сүргінді үдетті деген көзқарас бар. Әрине, бұл Сталиндік қуғын-сүргінге қатысты мәселе болғанымен, ашаршылық мәселесінде ру-тайпалық, жүздік көзқарас болмады. Бір ру, бір руды ашаршылыққа ұшырата алатындай жағдай болмады. Бүкіл қазақ қырылды, сандалып безіп, босқын болды. Бұндай жағдай Украинада да, Солтүстік Кавказда да болды. Оларда да  адам көп қырылды. Шетелдік тарихшылардың қанша адам қырылды деген мәселеде бізден айырмашылықтары бар. Роберт Канкрисс Қазақстандағы ашта қырылғандар саны  бір миллионнан астам адам деп қарайды. Николай Пиянчилло Италияндық 1,5 миллион адам қырылған деп айтады. ЕНді біздің Қазақстандықтар да әртүрлі цифрлар айтады. Қозыбаев, Алдажұмановтар 1 миллион 750 мың адам қырылған адам қырылған дейді.  Менің айтып жүргенім 2 миллионнан астам. Бұл бойынша 1992 жылы, 22 желтоқсанда сенаттың қаулысы шыққан. Барлығы  ірі газеттерде жарияланды. Сенаттың конституциясы да солай қорытынды жасады. Коммисияны депутат әрі тарихшы - Манаш Қозыбаев басқарды. Өзім сол коммисияда жұмыс істедім. Комиссия құрамында жиырмадан астам адам болды. Барлық министрлер, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бастығы, ішкі істер минстрі, тарихшылар. Бұл өте беделді коммисия. Бұл ресми түрде бағасын алған нәрсе. Қорытынды  жасалып, ресми түрде бағасы да берілген. Кейбіреулер ашаршылыққа қорытынды жасалға жоқ, баға берілген жоқ  дейді.  Ал енді біреулер саяси баға берілмеген дейді.

  •  Украина бұл геоноцид деп жариялады. Ол жақта расымен геоницидке ұқсады. Әрбір шаруаның үйіндегі қамбадағы астықты сыпырып, күзет тұрды, бір ауыл біріне бара алмады, қызыл әскер қоршап алды. Біздің қазақтар қайда барам десе де өз еріктері болды. Босқын болып басқа жақтарға өтіп кетті. Бұларда бір ауылды қоршап алып, сол ауыл аштықтан қырылып қалды. Бізде  дәстүрлі мал шаруашылығы күйреді. Қазақтың 94 % ауыл тұрып, негізгі бөліні мал шаруашылығымен айналысты. 6% ғана қалада тұрған. Әрине, жартылай көшпелі аудандарда болды. Олар ептеп тарын сияқты егін екті. Бірақ, қазақтардың негізгі тамағы – ет.

   Ет дайындау науқандарында «Союз мясо», «Моска мясо» сияқты қоғамдары біздің малды сыпырып алды. Біздің негізі азық – ет. Содан қырылды. Жаңағыдай пікір мүлде қисынсыз пікір. Қазақтардан етті қалай тартып алғаны жайлы Москвадағ Ресейдің экономикалық архивінде сақтаулы. Біздің негізі азықты тартып алғандықтан да қазақтың басты қырылуының негізі көзі. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйрегендіктен де негізігі қырылу себебі. 1928 жылы қазақтың ең ірі байларын кәмпескілеген кезде, олардың малдарын тартып алған. Бұл өте күрделі мәселе. Әрине, елдің ішіндегі кейбір шолақ белсенділер кімнің малы кімге берген көріп отыр ғой, сондықтан да айтып қойды.   Шолақ белсенділер мәселесі орысша қаулыларда, партиялық қаулыларда  «лежый белсенді» деп көрсетілгендері бар. Олардың асыра барып жатқаны, қателіктерге көп жасап жатқаны айтылған. Олар бүкіл елді демократия жоқ, жалғыз адам билеген кезде, тоталитарлық жүйе орнаған кезде пайда болады. Елдің бәрі жалғыз адамның айтқанымен тұрып, жүрген кезде. Өйткен, Голощекин барлық облыстарға уәкілдер жіберді. Олардың кейбірі өте жоғары, республикалық деңгейдегі шолақ белсенді болды, асыра сілтеді.

...

Скачать:   txt (27.2 Kb)   pdf (403.2 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club