М.О.Әуезов аудармаларындағы қазақ ұғымына тән таным-түсініктер
Автор: Гулсезім Мәндібет • Апрель 6, 2025 • Реферат • 4,578 Слов (19 Страниц) • 138 Просмотры
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
[pic 1]
Тақырыбы: «М.О.Әуезов аудармаларындағы қазақ ұғымына тән таным-түсініктер»
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаушы: Рысбек Інжу, 7-сынып
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі
Жұмыс жетекшісі: Мәндібет Гулсезім Нұржанқызы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Меркі - 2024
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ......................................................................................................3
КІРІСПЕ................................................................................................................4
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1 М.ӘУЕЗОВ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
1.1 Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері....................................6
2 М.ӘУЕЗОВТІҢ ТӘРЖІМА ТАБИҒАТЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Аударманы «қазақыландырудағы» жазушы шеберлігі ..........................11
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1 Сауалнама және оның қорытындысы........................................................17
3.2 Жоба негізіндегі ұсыныстар.......................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................20
АННОТАЦИЯ
Бұл жобада біз ұлтының тағдырын өз тағдырымен тоғыстырған тұлғаның әлем әдебиетіне, қазақтың аударма ісіне қосқан үлесімен қатар өзге елдің шығармасын тек қазақша сөйлетіп қана қоймай, сол шығармаға қазақтың таным-түсінігін біте-қайнастырған тұсын сөз етеміз.
Аудармаларын «қазақыландыруда» әдемі өрнектерді пайдаланып, аударма өнерінде не бір тамаша үлгілер көрсетіп, еркіндік пен дәлдікті шебер ұштастыра білген классик жазушының мақсатты жасаған бетбұрысы бұл жобада жан-жақты талданады. Мұхтар Әуезовтің Н.В.Гогольден аударған «Ревизор», Ю.Вагнерден аударған «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер», Л.Н.Толстойдан жасаған «Булька», К.Треневтен аударған «Любовь Яровая», Н.Погодиннен аударған үш актілі «Ақсүйектер» атты аудармаларын қатар ала отырып, ол туындылардағы автордың айтпақ ойына талдау жасаймыз, әлем әдебиетінен ойып тұрып орын алған шығармаларды қазақтың жан-дүниесіне, салт-санасына, таным-түсінігіне, ой таразысына, ұлттық мүддесі мен құндылықтарына ыңғайластыра жатық етіп аударғанын дәлелденіп, қазақ тарихындағы елеулі оқиғаларды назардан тыс қалдырмай, аудармаларының ішкі жан дүниесін, рухани болмысын «қазақыландырудағы» қаламгер ізденістерін сараланады.
М.Әуезовтің аударма туындыларын өскелең ұрпақтың қаншалықты білетіні анықталып, тәрбиелеу ісінде қалай қолдануға болатыны жайлы ұсыныс айтылады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар қатар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады. М.Әуезов аударма теориясына байланысты пікірлер айтумен қатар, шетел және орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуда өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі. М.Әуезов аудармаларының бір ерекшелігі қай тілден аударса да қазақы таным-түсініктің айқындалып тұратынында. Жазушы шығармаларды басқа тілден аударған кезде оны қазақтың дүниетанымы мен тыныс-тіршілігіне ұтымды ұйыстыра білудегі шеберлігі осы жоба жұмысының өзектілігіне айналды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1918 жылдан бастап қазақ елі М.Әуезовтің аударма туындыларымен таныса бастағаны белгілі. Белгілі сыншы М.Қаратаев М.Әуезовтің аудармашылық рөлін жоғары бағалай келіп, мынандай қорытынды жасайды: «Без большой и многолетней переводческой деятельности Ауэзов, вероятно, не стал бы тем, чем он стал для советской литературы».
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобаның мақсаты – М.Әуезовтің аудармаларындағы көркемдік ерекшелік пен қазақтың дүниетанымына сай ыңғайланған тұстарын анықтап, түпнұсқамен салыстыра отырып талдау, авордың аударма туындыларын өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұтымды қолдану. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
...