Лекции по "Детской литературе"
Автор: dasha17ivanova • Сентябрь 14, 2019 • Курс лекций • 11,508 Слов (47 Страниц) • 573 Просмотры
ДӘРІС КЕШЕНІ
ДӘРІС КЕШЕНІ
Тақырып №1. Елжас Бекенов (1892–1938 жж.) өмірі мен шығармашылығы. Елжас (шын аты Ілияс) Жүнісүлы Бекенов 1892 жылы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезінің Қарағаш ауылында туған. Он екі жасында Петропавлдағы су диірменінде (1912), Томбы губерниясындағы Судженск көмір кенішінде шахтер (1912–1915), Петропавл темір жолы бекетінде жүкші (1915–1916) болған. 1916 жылы қара жұмысқа алынып, Пермь темір жолында еңбек еткен. Қазан революциясының дауылды жылдарында ел ішінде саяси-ағарту жүмысына араласады. 1922–1924 жж. Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыған. 1925–1926 жж. «Еңбекші қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, 1926–1927 жж. жұмысшыларды ағарту қоғамы жұмысшы баспасөзі секциясының басқарушысы, 1927–1928 жж. жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомының нұсқаушысы, 1929–1931 жж. Петропавлда «Кеңес ауылы» газеті редакторының орынбасары, кейін жауапты редакторы, 1933–1935 жж. Оралда «Екпінді құрылыс», 1935–1936 жж. Петропавлда «Ленин туы» облыстық газетінің жауапты редакторы, 1936–1938 жж. бас әдеби басқарманың бастығы болды. Алғашқы өлеңдері 1922 жылы жарияланған. Түңғыш прозалық туындысы – «Бидің жауыздығы» (1922) әңгімесі жарық көрді. Кейін «Жалшы сәулесі» (Ташкент, 1929), «Октябрь күндеріндегі қуаныш» (1927), «Ескендір» (1927), «Ардақты жан» (1928), «Большевик қыз» (1937), «Ана құшағында» (1937) т.б. шығармаларында жаңа заманнан жақсы үміт күткен кейіпкерлері арқылы сол кездегі қазақ қоғамының шындығын заман талабына сай суреттейді. «Жәмила қалай сауатты болды?» (1927) әңгімесі қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмысқа араласуын бейнелейтін көрнекті шығармалардың бірі болды. «Жаңа жыл бойында» (1929), «Алтынды жүйе» (1930) жинақтарына енген әңгімелерінде адал еңбек абыройдың кепілі екендігін аңғартады. «Жаманқүлдың теңдігі» (1927), «Бүгінгі ауылдың елестерінен» (1929), «Қан жаспен жуылды» (1929), «Қоңырау» (1930), «Құрманның санасы» (1934), «Талпақ» (1935) әңгімелерінде сол кездегі ауыл өмірінің тыныс-тіршілігі нанымды бейнеленген. Е. Бекенов сын жанрына да үлес Қосып, Ш. Иманбаеваның, С. Мұқановтың, М. Әуезовтің шығармаларын, жас жазушылардың туындыларын талдап, құнды пікірлер айтқан.
Ғаббас Тоғжанов (1900–1937 жж.) өмірі мен шығармашылығы. Ғаббас Тоғжанов 1900 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. 1915–1917 жылдары Омбы гимназиясында оқыған. «Бірлік», «Жас азамат» атты қазақ жастар ұйымдарының жұмыстарына араласты. 1919 жылы РКЖО-ның Сібір бюросы жанындағы қазақ-татар секциясының хатшысы, «Еңбекшіл жастар» газетінің редакторы қызметін атқарды. 1920–1922 жж. Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, бөлім бастығы, алқа мүшесі болды. 1922 жылы Орта Азия университетіне оқуға түсті, әрі «Жас қайрат» (кейінгі «Лениншіл жас») газетінің жауапты редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1923–1924 жж. Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтында оқып жүріп, Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы болды. 1924–1926 ж.ж. РК(б)ПOK баспасөз бөлімінде нұсқаушы болды. 1926 жылы Қазақстанға шақырылып, Өлкелік партия комитетінде баспасөз бөлімінің меңгерушісі (1926–1928), «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы (1926–1932), Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1935–1936), Қазақ КСР Халкомсовы жанындагы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығының бірінші орынбасары, кейін бастығы (1936–1937) қызметтерін атқарды. «Екі жастың әңгімесі», «Қазақ кедейіне егіндік пен шабындық жерді бөлуден түсер пайда», «Қазақ ауылы туралы» (I. Жансүгіровпен бірге, 1932), «Абай» (1935), т.б. еңбектердің авторы.
Тақырып №2. Жақан Сыздықов (1901–1977 жж.) өмірі мен шығармашылығы. Қазақтың атақты ақыны Жақан Сыздықов 1901 жылы 10 мамырда бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданындағы Абай ауылында дүниеге келіп, 1977 жылы 23 қарашада Алматыда дүние салды. 1920–1921 жж. Көкшетаудағы қызыл мұғалімдер курсында оқыды. 1922–1926 жж. Көкшетау уезінде азық-түлік комитетінде қызмет атқарды. 1926–1929 жж. Ақмола губерниясындағы «Бостандық туы» газетінің жауапты хатшысы және редактордың орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» (қазіргі «Жетісу») газеттерінің жауапты хатшысы. 1936–1960 жж. Қазак мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, ҚР жөніндегі комитетте, ҚР Министрлер Кеңесі жанындағы телевизия және радиохабарларын тарату жөніндегі комитетте істеді. Шығармалары 1924 жылдан жариялана бастады. «Еңбек жемістері» (1929), «Табыс» (1932), «Найзағай» (1932), «Қызғалдақ» (1932), «Толқын» (1934), «Биік шыңда» (1935) т.б. өлең кітаптары басылып шықты. Бұл жинақтарына енген өлеңдерінде қазақ ауылындағы әлеуметтік өзгерістерді, жаңа өмір құру жолындағы еңбекшілердің табысын жырлайды. «Әлі қарттың әңгімесі» (1927), «Майкөл тамы» (1927) поэмаларында қазақ ауылының тұрмысын суреттейді. «Майкөл тамы» поэмасы 20 – жылдардағы казақ поэзиясынның елеулі шығармасы ретінде бағаланды. Ақынның «Өлеңдер» жинағы (1937), «Шаттык үні» (1938) атты кітаптарына енген шығармаларында жаңа өмірді жырлады. «Арыс тарихы» (1932), «Маймыл ертегісі» (1933) (мұны парсы ақыны Әбілқасым Лахутиден аударған), «Алмас» (1950), «Меруерт тау» (1953) дастандары халық ауыз әдебиетінің үлгілері, аңыз әңгімелер негізінде жазылды. «Қос қыран» поэмасы (1948) Кеңес Одағының Батырлары А. Матросов пен С. Баймағамбетовке арналған. Халықаралық тақырыпқа арналған «Түркия түнегінде» (1950), «Лақтырылған бөбек» (1954), «Ел бар сонау алыста» (1956) т.б. өлең-жырлары шет елдердегі еңбекшілердің тұрмысын, әлеуметтік теңсіздікті, коғамның қайшылығын ашып көрсеткен саяси-әлеуметтік пафосымен ерекшеленеді. «Патрис Лумумба» (1961) дастаны Африка халқының азаттығы үшін күрескен Патрис Лумумбаға арналған. «Таңдамалы шығармалар» (1961, 1971, 1978), «Өмір лебі» (1964), «Асулар» (1968) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары басылып шықты. Ж. Сыздықов аударма саласында да еңбек етіп, орыс тілінен Л.Н. Толстойдың «Арылу» (1955) романын, грузин халкының «Арсен туралы аңыз» дастанын, татар тілінен Ғ. Ибрагимовтың «Қазақ қызы» (1960) романы мен «Алма шұбар» (1961) повесін, Ғ. Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларын (1952) аударды. Ақынның бір топ өлеңдері мен поэмалары орыс тіліне аударылып, «Соколиное племя» (1958) деген атпен басылып шықты. Бірсыпыра өлеңдері өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт, түркімен, тәжік, қарақалпақ тілдеріне аударылды.
...