Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көркем образ

Автор:   •  Май 23, 2023  •  Эссе  •  679 Слов (3 Страниц)  •  198 Просмотры

Страница 1 из 3

Көркем образ – әлдебір құбылыстар мен шындық туралы қаламгердің ой елегі мен таным көкжиегінің нәтижесін көрсететін эстетикаға толы категория. Әдеби туындыда сөзбен суреттелген кез келген құбылысты көркем образ деп атаймыз. Жалпы образ ұғымында көбіне белгілі бір шығармада суреттеп көрсетілген түрлі өмір шындығы кейіпкерлер мен әдеби каһармандар қарастырылады. Әдебиетте әрбір ұғымның өзінің алға қойған мақсаты болады. Осы образ ұғымының мақсаты – көркем сөзбен кезкелген дерексіз ұғымдарға жан бітіре сөйлету арқылы өмір шындығын суреттеу. Әдебиет теориясында образ түсінігінің көркем бейне, яғни адам образы деген және суретті сөз, яғни образдылық сынды екі түрлі мағынасы бар. Образдың көркем әдістік, тектік және тәсілдік түрлері бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан образ романтикалық және реалистік образдар деп бөлінсе, әдеби тек жағынан алғанда, образ эпикалық, лирикалық және драмалық обардар деп ажыратылады. Ал, жалпы жасалу тәсілдері бойынша, образ юморлык, сатиралық, фантастикалык, трагедиялык, комедиялык, қаһармандық, т.б. бейнелер деп жіктеуге болады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін білмеу кез-келген әдебиетшіге сын. Енді образдың көркемдік әдіс тұрғысынан, яғни, романтикалық және реалистік образдың ерекшеліктеріне тоқталғым келеді.

Алғашқысы бізде – романтикалық образ. Оның ынтызарлықпен қатар  қайшылықтарға толы, даралық болмыс-бітімімен ерекшеленетін әдеби қаһарманы әрбір әдебиетсүйер жанды баурап алары сөзсіз. Бұл образдағы басты кейіпкер тосыннан ерекше мінезімен күрделі кейіпкер бейнесінде танылады. Романтикалық образ даралық, күрескерлік, күйбең тіршілікке көңілінің толмауы, асқақ идеалға ұмтылу, құштарлық, арманшыл, бүлікші-батыр т.б. қасиеттерге толы. Жалпы романтикалық кейіпкердің өмірі қақтығысқа толы. Оның қақтығыстарға толы тағдырын суреттеу үшін оның танымдық, психологиялық өмірін көрсету мақсат етіледі. Ондағы романтикалық ой-сана күнделікті қалыпты өмірге қарсылық көрсетіп, шектен тыс бүліктер шығарумен сипатталады. Біздегі қазақ поэзиясында романтикаға толы рух пен сарынды жыраулық поэзия мен Махамбет Өтемісұлынын өлеңдерінен анық байқалады. Мысалы,

Еділдін бойы ен тогай

Ел кондырсам деп едім.

Жағалай жаткан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Енсесі биік ақ орда,

Еріксіз кірсем деп едім..., деген Махамбеттің сыршыл да сынды өлең жолдарынан романтикалық сарынның аспектілері сезіледі. Сонымен қатар, күрескерлік пен іште қайнап жатқан өршіл рухы ақынның романтикалық бейнесін одан сайын суреттеп тұрғандай-ақ. Осы сынды романтикалық образдарға қанық туындылар қазақ әдебиетінде аз емес.

Келесісі әрі оқырманды баурап аларлық образдың түрі реалистік образ дер едім. Себебі, бұл әдебиет әлеміндегі адам сипатының аса сымбатты да шынайы түрі. Бұл образдың сымбаттылығы мен шынайылығының сыры шыншылдығында. Реалистік образдың романтикалық образдан ерекшелігі: бұл образдың эстетикаға толы деңгейі — романтикалық образдағы сияқты бұлыңғырлау емес, қанық, адам колы жетпейтіндей аса биік емес, көзбен көруге болатындай, нық көрінеді. Демек, реалистік образда эстетикаға бай тәрбиелік мән де, қоғамдық шындық та айрықша көрсетіледі. Мәселен,Т.Ахтановтың “Дала сыры”  туындысындағы Қоспан образын талдап көрелік. Бұл-қарапайым адам, көпшіліктің бірі. Оны біз шығармада Қоспанның қомандирі оны “үлкен қара” деп атау қойғаны, себебі, оның дене-бітіміне байланысты болғандығынан, әскерде оң жақ тұста тұрғандығынан, “жан біткенге сеніммен қарайтын нұры жұмсақ томпақ көзі, жылы шырайлы ашық жүзі” деп бет-бейнесінің суреттелуінен, соңында бәтеңкесінің 44 өлшем екендігі анық көрсетілгеннен байқаймыз. Демек, ешбір даралығы жоқ, бәрі әдеттегідей. Сонымен қатар, Жаңыл есімді сұлумен отау құрып, Қуаныш есімді сәби сүйіп, ел қатарлы майданға кетіп, онымен қоса тұтқынға түсіп, ауылына аман-есен оралып, кезіндегі командирі елде бастық-сымақ болып, соның қарамағына қайтып кеп, қой бағып кетуі, тіпті, соғында азып-тозып кетіп кетуінің барлығы өмірлік шындық. Баяғы кезде өзі оқыған «Батырлар жырындағыдай» ешқандай батырлық әрекеттері де болған жоқ, бір отар қойымен боранда қалып, күйбең тіршіліктің азабынан өтеді, қарлық ерлердің күші жетерліктей ерліктер жасап, сұрапылдықпен күресіп те көрмекші болады, бірақ үш ұйықтаса түсіне кірмеген қайсарлық істеу ойына да келмейді. Қоспанның образы, жаңағы оның өмірдегі сыр-сымбаттылығы да, өнердегі шынай қалпы да барлығы оның тазалыққа толы жүрегі мен табиғи шыншылдық сипатында. Ал образ неғұрлым шыншылдыққа бай болса, соғұрлым реалистік тұрпатын ашпақ. Бұл тұста реалистік образ жасау кезінде қаламгер өз алдына шыншылдықтан, ақиқаттан аспау керек дейтін мақсат-міндет қойған деп білемін. Оған қоса жаңа айтып өткендей, образ барлығымызға етене таныс образ дегенімізбен, бұл образ да өзінше бір даралық сипаты бар образ, яғни типтік образ. Өйткені, шығармадағы шыншыл образ деп отырғанымыз ол тек бір ған Қоспанның образы емес, мұнда көптеген адамдардың типтік бейнесі жинақталған.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (47 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club