Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көздеген мақсатқа қалай жетуге болады?

Автор:   •  Ноябрь 19, 2023  •  Эссе  •  289 Слов (2 Страниц)  •  156 Просмотры

Страница 1 из 2

Көздеген мақсатқа қалай жетуге болады?

Мақсат – адамды алға қарай талпындыратын, оған шабыт сыйлайтын керемет дүниелердің бірі. Бұл өмірде мақсаты жоқ адамдар жоқ шығар. Мақсат бізге өмірдің сәні мен мәнін көзге ашып көрсетеді. Әр адам өзінің армандаған мақсатына жеткісі келеді. Бірақ, қалай жетерін білмейді. Кейде жабырқап, мақсатқа жету мүмкін емес, менің қолымнан келмеуі мүмкін деп,  талай мүмкіндіктерден бастартады. Кейде адамға бір шабыт жетіспейді. Кейде ол шабытты қайдан аларын білмейді. Сонымен барлық адамдардың қазіргі таңда қойып жатқан сұрағы: « Көздеген мақсатқа қалай жетуге болады?».

Standard Oil компаниясының негізін қалаушы Джон Дэ́висон Рокфе́ллер мақсат жайлы былай деген болатын: « Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз – бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз». Адамның өмірдегі жалғыз мақсаты байлық болмауы тиіс деп ойлаймын. Неге? Себебі, адамдар бай болсам, онда бақытты боламын деп шатасады. Бұл теріс пікір. Адамның бақыты байлықта емес. Мақсатқа жетудің ең бірінші қадамы бұл – байлықтың сізді бақытты ететініне сенбеу. Әрине, егер бай болатын болсаң, сенде көп қаражат болады. Ол қаражатты сен жаңа үй алуға, армандаған заттарынды алуға, саяхаттауға жұмсар едің. Бірақ, бақыт материалдық жағдайда емес.

Адамдар армандаған мақсатқа тек армандау арқылы жетуге болады деп ойлайды. Ал, нағыз мақсатқа жететін жол бұл – еңбек. Еңбек, еңбек және еңбек. «Егер мен жалқау болсам қалай мақсатқа жетемін?» дейтін шығарсыз. Сіз жалқау емессіз. Сіз ештеңе болмай қалама деп қорқасыз. Адамның бір орында қалып қойып, ешқандай іс-әрекет жасамауының себебі, ол адам бұл іс қолынан келмейді деп қорқады.

Қорыта келе, шығыс ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл- Фараби атамыз айтқандай: « Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде.....адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында». Мақсат қоя білу бір бөлек, ал, сол мақсатқа жету бір бөлек дүние. Дұрыс мақсат қоя білу – адамның ақылдылығынан. Ал, сол мақсатқа жету – адамның терлеп, еңбек еткендігінің белгісі.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (40.2 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club