Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ашаршылық туралы менің ойым

Автор:   •  Сентябрь 16, 2020  •  Эссе  •  265 Слов (2 Страниц)  •  3,780 Просмотры

Страница 1 из 2

                      Ашаршылық туралы менің ойым

        Адамзаттың өміріндегі қиыншылық кезеңдердің бірі – ашаршылық. Мұндай ауыр жағдай қазақ халқының өміріне де өз кесірін тигізбей өтпеді. Көшпелі қазақ жұрты күшті жұт жылдары болмаса, өзінің өткен тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған болатын. 1921-1922, 1930-1933 жылдары болған ашаршылық қазақ есінде ауыр қасірет болып қалмақ. Олай дейтінім, сол жылдары болған ашаршылық салдарынан  қазақ саны бірнеше миллионға кеміп, көбіне әйелдер мен балалар қырылып қалғандықтан, демографиялық жағдайға да айтарлықтай  зардабын тигізді. Бұған себеп біріншіден - табиғи жағдай болса, екіншіден  - адамзаттың қолымен жасаған қастандығы, яғни сол замандағы патша үкіметінің шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою амалдары, ауылшаруашылық өнімдеріне салынған бас көтертпес салықтары болатын.

       Ашаршылық - адамзатты адамгершілік қасиеттен жұрдай етеді. Бұл сөзімнің  дәлелі сол ашаршылықты көзімен көрген үлкендердің әңгімесі болмақ. Ол кісілердің айтуы бойынша,  аштық жылдары адамдар ит пен құстың, тіпті бір-бірінің өлі денелерін де азық еткен. Кейін өлескелерді қойып тірі адамдарды аңдуға кіріскен. Түнгі уақытта көшеге шығудан қорыққан. Беймезгіл уақытта көшеге шыққан адамға, аш қасқырша арсаңдаған адамдар тобыры тап беріп, малша құрық салып бауыздап жейтін болған. Тіпті ата-аналар өз баласының етін жеп, аштығын басқан.

       Қорытындылай келе, аштық адамзатқа демографиялық тұрғыдан ғана емес психологиялық тұрғыдан да, адами қасиет жағынан да үлкен зардабын тигізді деп еш күмәнсіз айта аламын. Демографиялық жағынан тигізген зардабына миллиондаған адамның өлімі дәлел болса, психологиялық және адами қасиетіне тигізген зардабына Ахмет Байтұрсынұлының мына сөзі дәлел  « аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті… » .

...

Скачать:   txt (3.3 Kb)   pdf (51.4 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club