Бұқар жыраудың аманат хаты
Автор: Azhar20028 • Февраль 15, 2021 • Эссе • 711 Слов (3 Страниц) • 494 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СОБӨЖ
Орындаған:Махсұтханова А.Р
Тобы: Кя – 903
Тексерген: Токсамбаева А.О
Семей
2021
Бұқар жыраудың аманат хаты
Уа, менің келешек ұрпақтарым! Мен, Бұқар жырау Қалқаманұлы болашақ жас сендерге айтар аманатым бар. “Пейілі кең кемімес, пейілі тар кеңімес”. Сондықтанда кейінгі жас ұрпақ:
“Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер”, - осы сөзімді тыңдап жанындағы достарының жақсы болуына мән беріңдер. Адамды досына қарап таны деген. Болашақта дос таңдаудан қателесе көрмеңдер.
Менің ұрпақтарым, әрдайым үлкенге құрмет көрсетіңдер, алдынан кесе көлденең аттап өтпеңдер.
“Қартайсаңда қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда.
Кімдерде кімнің дейсің белі бүгілмес”,- осы аманатымды естеріңнен шығармаңдар. Себебі, қарты бар елдің қазынасы барын естен әсте шығармауымыз керек.
Жеті қазынаның бірі ақылды әйел екені белгілі. Сондықтан келешек жас жігіттер жар таңдауда қателеспей, көзіңді де, жаныңды да қуантатын жар алғайсың.
“Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
...