Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в Таразском областном университете имени М.Х.Дулати

Автор:   •  Май 3, 2022  •  Отчет по практике  •  7,160 Слов (29 Страниц)  •  375 Просмотры

Страница 1 из 29

Мазмұны

  1. Тағылымдаманың мақсаты

2

  1. Ғылыми тағылымдама жоспары

2

  1. Кіріспе

3

    4.Жүргізілген ғылыми зерттеулердің мазмұны және

олардың магистрлік жобамен байланысы.

Бетонның жылуөткізгіштігі. Бастапқы және шекаралық шарттары.

8

5. Жылу өткізгіштік теңдеуі.

16

    Қорытынды

23

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

24

1.Тағылымдаманың мақсаты

2022 жылы 31 қаңтар мен  11 ақпан аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінде  «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасында онлайн форматта ғылыми тағылымдама өтті (ZOOM платформасында өткізілді).        Ғылыми-зерттеу практика мақсаты магистрлік диссертация бойынша әдебиеттік шолу мен патенттік ізденіс жұмыстарын жүргізу.Міндеттері болып ғылыми-зерттеу практикасын өту орны жұмыс бағытымен, атқаратын жұмыс ретімен және ғылыми бағытта жүргізілген жұмыстарымен танысып меңгеру. Тағылымдаманың мақсаты магистрлік диссертация тақырыбын талқылау және талдау, университеттің ғылыми әдебиеттерге шолу жасау. Тағылымдама өту орны жетекшісімен магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын құру.

2.Ғылыми тағылымдама жоспары

31.01.2022 М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетімен танысу.

01.02.2022 Тағылымдама жұмыс жоспарын  жасау.

         02.02.2022 «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасымен танысу. Магистрлік диссертация тақырыбын талқылау және талдау.

03.02.2022 Университеттің электронды білім беру ресурстары жайлы ақпарат алу.Университеттің ғылыми әдебиеттерге шолу жасау.

04.02.2022 Жүргізілетін жұмыстар бойынша ұсыныстар алу.

07.02.2022 Есептерге талдау жүргізу.

08.02.2022 Ғылыми-зерттеу семинарларына қашықтан оқыту сабақтарына қатысу.

09.02.2022 Тағылымдама қорытындысы бойынша презентация жасау.

10.02.2022 Тағылымдаманы қорытындылау және есеп жазу.

11.02.2022 Есепті қорғау.

3.Кіріспе

Республикамыздағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1998 жылдың наурыз айында облыстағы үш жоғары оқу орны – Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты негізінде құрылды.Университет 63 мамандық бойынша бакалавриат, 34 мамандық бойынша магистратура және 6 мамандық бойынша PhD – докторантура мамандарын дайындайды. ТарМУ-да барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттармен оқуға мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, университетте студенттер азаматтық мамандықтармен қатар әскери мамандықты да алып шығады. Университетте 38 кафедраны біріктіретін 9 институт бар: «Мұнай газ ісі» институты; «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты; «Технология және ақпараттық жүйелер» институты; «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар» институты; «Экономика және бизнес» институты; «Заң» институты; «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті жоғарылату» институты; «Сырттай және қашықтан оқыту» институты; Қаратау қаласында орналасқан «Жалпы инженерлік, қашықтан оқыту» институты. Аталған институттарда 12 мыңнан астам студент білім алады. Олардың мыңнан астамы мемлекеттік грант иегерлері. Университет дайындайтын мамандар бүгінде еңбек нарығындағы сұранысқа ие. Қазіргі таңда университетте 611 оқытушының 1-і академик, 37-і ғылым докторлары, профессорлар, 206-ы ғылым кандидаттары, доценттер, 13-і PhD докторлары, яғни ғылыми-педагогикалық деңгейі жоғары профессор-оқытушылар құрамынан тұрады. Олардың арасында елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге танымал ғалымдар бар. Оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз етуге оқу-әдістемелік бөлім, тіркеуші кеңсесі, жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, білім сапасы мониторингі орталығы, ғылыми кітапхана, «Тараз университеті» баспасы, «Университет тынысы» редакциясы, инновациялық технологиялар бөлімі, емтихан қабылдауды бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі, біліктілікті жоғарылату және білім бағдарламаларын жетілдіру орталығы, спорт клубы және де басқа бөлімдер қатысады. Университетте оқу үдерісіне инновациялық-педагогикалық технологияларды дайындау мен енгізуге үлкен көңіл бөлінеді. Оқу үдерісіне жеке компьютерлерде студенттер білімінің тәуелсіз аудитін жүргізуімен қоса оларды модульдік-рейтингілік жүйемен оқыту енгізілген. Экономикалық, гуманитарлық, заң және техника-технология салаларындағы әртүрлі оқу пәндері бойынша тестік тапсырмалар қоры жасалған. Бар материалдық-техникалық қорды және өз ғылыми мүмкіндігін пайдалана отырып университет: - оқу үдерісінің қолданыстағы әдістері мен формаларына жаңа ақпараттық технологияларды енгізуде; - электрондық материалдардың заманауи қорын жасауда; - сабақтарда және СӨЖ-де дайын электрондық оқулықтарды пайдалану аясын кеңейтуде; - зертханалық стендтер мен баспаларының ЭЕМ-нің технологиялық жаңа үдерістерін жасауда; - қашықтықтан оқыту элементтерін оқу үдерісіне кеңінен енгізуді іске асыруда. Мұның бәрі оқу үдерісін көрнекі және икемді етуге, мамандықтардағы пәндердің құрылымын жаңа талаптарға сәйкестендіріп, жүйелеп қайта қарауға мүмкіндік туғызады. Оқу үдерісін жаңа техникалық құралдарды тиімді пайдаланбай тұрып, қазіргі күннің талаптары деңгейінде ұйымдастыру және іске асыру мүмкін емес. Университеттің техникалық жақтан жақсы жабдықталуы студенттерге оқытудың қазіргі күнгі құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді және ол бәсекелестікке бейім мамандар даярлау үдерісінде оң нәтижелерге жетуге көмектеседі. ТарМУ-дың сенімді түрде әлемдік білім кеңістігінде екендігінің дәлелі – Болон қаласындағы университеттердің Ұлы Хартиясы президиумының шешімімен ұлттық білім беру саласындағы әлемнің 600 көшбасшы университетін біріктіретін Хартия коллегиясының толық мүшесі болуы. Университеттердің Ұлы Хартиясына кіруі маңызды тарихи оқиға. Бұл әлемдегі көшбасшы жоғары оқу орындарымен білім, ғылым саласында ғана емес, мәдени, саяси салада да ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ТарМУ 2005 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесін енгізіп, білім сапасының мониторингі орталығын ашты. Орталықтың негізгі қызметтеріне университеттегі мамандықтардың пәндері бойынша бақылау-өлшеу материалдарының базасын құру және оңтайландыру, оқу үдерісін ұйымдастыру және сабақ берудің сапасына әлеуметтік мониторинг жүргізу, емтихан қабылдауды бақылау және оны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жатады. 2005 жылы М. Х. Дулати атындағы ТарМУ сапа менеджментінің (Total Qualitu Management) және ИСО – 9000-2001 Халықаралық стандарттары сериясының талаптарына сай, жоғары оқу орындарындағы сапа жүйесін қалыптастыруда сапа менеджментінің өзіндік моделін дайындап, сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификатына ие болды. Сапа менеджменті жүйесі 2005-2006 оқу жылынан бері университеттің барлық іс-әрекеттері салаларында тиімді пайдаланылуда. Жан-жақты басқару үшін «Университет» атты электронды білім жүйесін жасау мен ендіру, яғни Visual FoxPro және Delphi бағдарламалау тілімен SQL Server платформасының базасы жолымен сапалы және үздіксіз ақпарат алмасуға қол жеткізді. Университет 2004-2005 оқу жылынан бастап ҚР БжҒМ қолдауымен барлық мамандықтары бойынша оқытудың кредиттік технологиясына толық көшті. ТарМУ-дың тәжірибесі мен жетістіктері ҚР БжҒМ-де дұрыс бағаланды, соның нәтижесінде университет оқытудың кредиттік технологиясына енгізу қызметінің кең спектрін көрсететін Республикалық консалтингтік орталық болып белгіленді. Университетте оқу процесін кредиттік жүйеде реттеу бойынша нормативті-әдістемелік құжаттардың толық пакеті әзірленген. Шетелдік университеттермен халықаралық байланыстарының дамуы бірлескен білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Қазіргі уақытта білім берудің қос дипломды бағдарламасы Новосибирcк мемлекеттік университетінің әріптестігімен іске асырылып келеді. Оқытудың кредиттік технологиясына көшуге байланысты 2004 жылы тіркеуші кеңсесі құрылды. Тіркеуші кеңсесі оқу үдерісін жедел басқарудың және оқу жұмысын жоспарлаудың үйлестіру орталығына айналды. Университетте компьютерлік және басқа да ақпараттық технологиялық жетістіктерді пайдаланатын, оқытудың жаңа формаларын енгізу көмегімен оқу үдерісінің сапасын және ұйымдастыру деңгейін арттыру үшін 2005 жылы қашықтықтан оқыту орталығы ұйымдастырылған. Ол қажетті білімді алуға, кәсібін ауыстыруға, таңдаған саласында біліктілігін көтеруге немесе үйден шықпай-ақ мамандардан кеңес алуға мүмкіншілік жасайды. Қашықтықтан оқыту орталығы қазіргі өмір талабына жауап береді және қазіргі ақпараттық, коммуникациялық технологияларды (internet-технологиялар) пайдалануға негізделген. 2004 жылдан университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің докторантура, аспирантура және магистратура секторларының негізінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жұмыс істейді. Бөлім магистратура мен докторантураның оқу және ғылыми-зерттеу үдерістерін жүзеге асыратын шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарымен қарым-қатынаста. Университет Қазақстанның ЖОО-ның алғашқылары болып техникалық мамандықтар бойынша эксперименталдық докторлық және магистрлік білім бағдарламасын енгізді. Университеттің бірден-бір жетістігі Қазақстан Республикасында жаңа үлгідегі PhD докторларын даярлап шығару болып табылады. Магистрлік және докторлық білім беру бағдарламаларын ендіру мен жүзеге асыруда 40-қа жуық нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру-нұсқаулық құжаттар жасалынып оқу үдерісіне енгізілді. Уиверситеттің оқытушы-профессорлар құрамы интенсивті инновациялық модельді дамыту мақсатында «Инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу» авторлық жобасы бойынша жұмыстар атқаруда. Осыған орай, университетте ОПҚ-ның жаппай инновациялық үдеріске қатысуы, сонымен қатар білім беру өнімдерін құру, университеттің ашық сабақтар кестесі енгізілген және сабақтардың кәсіби мониторингі өткізіледі. Университеттің инновациялық қажеттіліктері жүйелендіріліп, белсенді инновациялық материалдар банкі құрылған. Университетте білім беру мен ғылымның өзара байланыстығы сақталған. Жоғары білім жүйесіне әлемдік білім мен игнтеграцияның бастауы енгізілген. ТарМУ еуразиялық интеграцияны дамытуға өз үлесін қосып келеді. 2007 жылғы ҚР БжҒМ бұйрығына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университетінде инженерлік бағыттағы зертхана ашылды. Құрылған күнінен бастап Жамбыл облысы мен Оңтүстік аймақтың әлеуметтік-экономикалық және техникалық мәселелерін шешуді қолға алды. Соңғы екі жылда біздің ғалымдар БжҒМ, Қоршаған ортаны қорғау және Ауылшаруашылғы министрліктері қарауына 100-ден аса жаңа талдаулар мен жобалар ұсынды. Ғылыми орталықта студенттердің ғылыми рейтингін анықтау мақсатында «Студент-ізденуші» атағы енгізілген. Қазақстандағы 10 жоғары оқу орындарының ішінде университетте 2007 жылы «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» атты ғылыми-зерттеу зертханасы құрылған. «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» атты ғылыми-зерттеу зертханасының (ҒЗЗ) құрылуымен университеттік ғылыми зерттеулер өзінің дамуында біршама сапалы фазаға көшті, әсіресе жергілікті өнеркәсіптік шикізаттар мен қалдықтарды қолдану негізінде, материалдар мен өнімдерді алудың нанотехнологиясын құру мақсатында тереңдете зерттеу фазасында. Зертханада жүргізілетін ғылыми зерттеулер қазіргі кезеңде 5 маңызды бағытты қамтиды. «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» атты ҒЗЗ қазіргі зертханалық жабдықтармен жасақталған. Қазіргі уақытта «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» зертханасында JSM – 7500 F электронды микроскобын қолдану арқылы жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі шикізаттардың әртүрлі үлгілерінің микроқұрылымдық көрсетілімдері алынады. Университеттің өзінің университет мамандықтары профиліне сай кітап қорымен оқу-тәрбиелік жұмыс жүйесі және ғылыми зерттеу барысында қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық орталық – Ғылыми кітапханасы бар. Ғылыми кітапхананың жалпы қоры – 1 351 396 дананы құрайды. Оның – 204 906 данасы қазақ тілінде болса 980 данасы ХІХ ғасыр соңы мен 1950 жылға дейін басылып шыққан құнды және сирек кездесетін әдебиеттер. Сонымен қатар, электронды тасымалдағышта мерзімді басылымдар мен анықтамалық құжаттар, диссертация мен авторефераттар, т. б. түрлері жинақталған. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ және Индиана университетінің (Блумингтон) ұзақ мерзімді жобасы негізінде 2004 жылы ғылыми кітапхана Сабре қорынан кітапханаға ағылшын тілінде 7671 дана, 363 664$ тұратын экономика, құқық, тіл білімі және тағы басқа саладан әдебиеттер мен электронды тасымалдағышта /CD ROM, W/CD/ құжаттар алды. Кітапханада 1999 жылдан бастап кітапханалық-библиографиялық процестердің барлығы автоматтандырыла бастады. Бүгінгі күні электронды каталогтың библиографиялық деректер қоры 186 465 атауды құрайды. Университеттің халықаралық байланыстары ауқымды. ТарМУ алыс және жақын шет елдердің 18 елінің ірі оқу және ғылыми орталықтарымен тығыз шығармашылық және іскерлік байланыс орнатқан. Олардың арасында АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Индия, Оңтүстік Корея, Египет, Түркия, Ресей, Қырғызстан және т. б. бар. ТарМУ-да жоғары дәрежедегі менеджерлер, халықаралық деңгейдегі өндіріс жетекшілерін даярлауға бағытталған ортақ білім бағдарламалары іске асырылуда. 2008 жылы басқару үрдісіне «Tamos University Suite» білім порталы енгізілді. Соның көмегімен білімгерлер сабақ кестесін, сабақ үлгерімін жылдам көре алады және силлабустарын on-lineға аударып алады. Университет студенттерінің салауатты өмір салтын сақтауына үлкен көңіл бөледі. Университеттің спорт кешенінде төрт үлкен спорт залы, сондай-ақ бокс, күрес, стол теннисі залдары, стадион және ашық спорт алаңдары бар. Университетте 12 спорт түрлері бойынша секция жұмыстары ұйымдастырылған. ТарМУ студенттерінің спорттық жетістіктері тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге белгілі. Университет тренерлері көптеген халықаралық спорт жұлдыздарын тәрбиелеп шығарды. ТарМУ-дың спорттық жетістіктері жылнамасына өз үлесін қосқандар: ХХVII Афина олимпиадасының чемпионы, Вела Баркер кубогінің иегері Бахтияр Артаев, боксшылар Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов; әлемдік ойындар чемпиондары, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Сергей Волобуев, Аңсар Сүлеев, Иван Зайцев, Вадим Присяжнюк, Алмас Мусабеков, т.б. Сингапур қаласында жасөспірімдер арасындағы бірінші рет болған дүниежүзілік олимпиада грек-рим күресінің чемпионы Жәнібек Қандыбаев. Университеттердің дамуы ертеден кітап басу мен кітап алмасу ісімен байланыстырылған. Университетте жылына 300-ге жуық баспатабақ шығаруға мүмкіншілігі бар баспахана жұмыс істейді. Бүгінде университеттің «Тараз университеті» баспасы – Жамбыл аумағындағы жоғары оқу орындары баспаларының аясында көшбасшы ретінде танымал. Оқытушылардың 95 пайызы сабақты мемлекеттік тілде жүргізеді. ТарМУ жыл сайын өткізілетін «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты республикалық байқаудың үздіксіз қатысушысы болып келеді. Осы уақыт аралығында аталған байқауда ТарМУ-дың 15 оқытушысы грант иегерлері атанды. Мамандарды даярлау сапасының жүйесін қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі – ЖОО-ның аккредитациялануы. Біздің университет институционалды аккредитацияланудан өтуді 2010-2011 оқу жылында жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда өзін-өзі бағалау бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Халықаралық білім беру жүйесі дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да стратегиялық мақсаттар, міндеттер, негізгі индикаторлар мен көрсеткіштердің құрылуымен 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы әзірленіп, қабылданды.Құрылыс және материалдар өңдірісі кафедрасы - ғимараттар мен құрылымдарды, инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, салу, пайдалану, қайта жаңғырту және техникалық сараптама жасау саласында жалпы мәдени, жалпы кәсіптік және кәсіптік құзыреттерге ие жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің өндірістік және жобалау ұйымдарының, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы атқарушы мемлекеттік билік органдарының кадрларға қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

...

Скачать:   txt (83.3 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club