Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе?

Автор:   •  Сентябрь 19, 2021  •  Эссе  •  875 Слов (4 Страниц)  •  6,435 Просмотры

Страница 1 из 4

Орындаған:  Дәулетпай  Диляра

21. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.

Таған кешегі от ауызды, орақ тілді, жалындап тұрған жас аспирант. Үлкен білімнің жолына түсіп, әлі көп ешкім бара қоймаған тың, батыл тақырыптарда ғылыми еңбек жазып жүрген жас ғалым. Бүкіл болашағы алда көрініп, барлық жас ізденімпаздарға тән ерекше ынта-жігер, үміт-сеніммен еңбегіне құлшына кірісіп, ерте көзге түсіп, жоғары оқу орындарында студенттерге лекция оқитын. Алайда, кеңестік жүйедегі барша саналы жандарды сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар алдынан шығып, тауы шағылады. Жазып жүрген еңбектерінің барлығы жарамсыз, тіпті зиян деп танылып, еңбегі еш кетеді, жанбай жатып сөндіруге ұмтылатын айналасынан, ортадан түңілгенде, сол кезеңдегі зиялы қауым өкілдерінің біразының басынан өткендей, ең ақырғы жұбаныштай көрінген ащы суға алданудан бұл да қашып құтыла алмады. Сөйтіп жүргенінде, жұмысынан, дос-жараннан, жары мен баласынан айырылады, одан кейін мүлде құрдымға құлаған. Бір кезде алдында жәудіреп отырған жас студенттерге айтсам, жеткізсем деген арманда кеткен көп жайттарды енді арақтың буы жеңген сәттерінде өзімен-өзі қалып, тыңдаушысы жоқ лекцияларын ақтарады келіп. Йә, оның айтам дегені көп еді. Жас ғалым келе жатқан жаңа заманның елесін, жылымық лебін сезініп, өзін еліне, қоғамға қажетті адам санап, ғылым жолындағы ізденіс-жаңалықтары арқылы мысқалдай болса да пайдасын тигізуді парыз санайды. Соған байланысты қоғамдағы ескірген көзқарастарды, әлеуметтік, шаруашылық саладағы көп жайттарды түпкілікті өзгертуге жаңа бағыт, тың жол тапқандай жалындайтын.Ал Ерік өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. Ғылым-білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым мен білімде қатарластарына дес бермеген аспирант кластасы Тағанның араққа ғана жеңіліп, алқаш атанып, ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға дайын екендігін көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Аярлығының шексіздігі сонша - бір ауылда бірге өскен досының бейшаралық кейіпке түсіп, қамқорлыққа мұқтаж күйін көре тұра, атының артына мінгізбестен ауылдан қиян тауға қарай жаяу салпақтатады, ол аздай енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.Өзіне қажеттінің барлығын ақшаға сатып алуға болады деген дүлей сенімге келіп, біржола байлықтың түбіне түскен. Бұл мақсатына жету үшін Ерік Алтайдың жомарт табиғаты аямай бертін бар байлықты: жан-жануарын, аң-құсын, қарағай, балын, егер мүмкін болса тауын тас-топырағымен, орман-тоғайын тамыр-жапырағымен  дәл өзіндей сұмдарға сатып жіберуге дайын. Мұның бойында туған жердің табиғатына жан ашу, елдің қажетін ойлау, жұрттың алға басуына немесе мемлекеттің мүддесіне қызмет ету дейтін сезім-түйсіктің нышаны да жоқ. Тіпті туған анасы мен жарына да жаны ашымайтын, түпкі мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен ұмтылады.і.

Шындыққа тура қарайтын болсақ қоғамда  Тағандар азшылық, Тағандар әлсіз, ең бастысы қауіпті санатқа жатады. Оларды құртудың, қудалаудың сан-түрлі амал-тәсілі ойлап табылғаны мәлім, соның бірі «атау кере» аталып, талай жақсы мен жайсаңның түбіне жеткен арақ болатын. Әйтпесе, бір партияның диктатындағы барған сайын құлдырап бара жатқан тоталитарлық қоғамда ең алдымен ұлттық қасиеттердің, адамгершілік болмыстың жоғалып бара жатқанына қарсы дауыс көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт.Ал Ерік тәрізді адамдар  аз емес.Олар таған секілді адамдарды көре алмайды.«Атау кере» елімізге нарық заманы енді ғана келе бастаған уақытта жазылғанын ескергенде, автордың Ерік бейнесі арқылы қоғамда «бәрін сатуға, бәрін сатып алуға болады» деген көрсоқыр, аса қатерлі, адамдыққа да жаратылысқа да қайшы көзқарастың жаппай етек алуынан алдын-ала сақтандырғаны хақ. Ал, Еріктің ақырында бүкіл тірлігі баянсыз болып, тіпті адам емес, жәндік-сонаға айналып қорлық, мазақ күйде өлуі заңдылықтай қабылданады. Иә, ол өзі таңдап алған оңай жолдың, жат, арамза тірліктің құрбаны болды. Табиғат ананың омырауын суалғанша сорып, жаратылыс тегін беретін байлықты өзгеден бұрын, өзгелерден тез тартып алу үшін Ерік қолынан келгенін аянбады, тіпті сонау мұхиттың арғы жағындағы тұқымы бөлек, өлермен, тойымсыз шетелдік еркек араларды алдырып, олардың жергілікті «жеңілтек» аналықтармен будандасуынан түрі бөтен, түсі суық қауіпті бір ұрпақ пайда болды. Бұлар қылшығы бұзылмаған, жайқалып, тұнып тұрған майшелпек, әрі бөтен аймаққа келісімен айналадағы өсімдік атаулының шырынын таусып біткенше тыным таппайды.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (59.6 Kb)   docx (385.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club