Көзі көруі нашарлаған немесе мүлдем көрмейтін жандармен жұмыс
Автор: Kydyrmanovamadin • Март 18, 2019 • Реферат • 1,599 Слов (7 Страниц) • 687 Просмотры
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-техникалық факультеті
[pic 1]
Мақала
Тақырыбы:Көзі көруі нашарлаған немесе мүлдем көрмейтін жандармен жұмыс
Орындаған: Маратқызы Н
Тексерген: Майлыбаева Г.С
Талдықорған 2019ж
Аннотация
Адам өміріндегі 80% ақпаратты көз арқылы қабылдап алады. Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс аймағын кеңейту, әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет. Ал, осы көру функциясы бұзылуының нәтижесінде балалардың даму мүмкіндігі шектеледі.
80% человеческой жизни поглощается информацией. Наблюдение за активностью жизненно важно для людей, чтобы овладеть такими ценностями, как пространственная ориентация, расширение своего движения, обогащение социального опыта. В результате этого нарушения зрения развитие детей ограничено.
80% of human life is absorbed by information. Observation of activity is vital for people to acquire such values as spatial orientation, expansion of their movement, enrichment of social experience. As a result of this visual impairment, the development of children is limited.
Көзі көруі нашарлаған немесе мүлдем көрмейтін жандармен жұмыс
Көзі нашар көру немесе мүлдем көрмеушілік (зағип) — сезім мүшелерінің (талдағыштардың) бірінің кемістігі. Көзі мүлдем көрмейтіндермен тәрбие жұмысын жүргізген кезде мұғалімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) одан әрі дамыту қажет десе онда олар қателеседі. Ғылыми әдебиеттерде, ел арасындагы аңыз-әңгімелерде зағиптардың музыкаға бейімділігі, ал олардың кейбіреулері туғаннан музыкаға бейім екендігін көрсетеді. Демек, арнаулы белгілерді дағдыға айналдырып, оны қалыптастыру үшін зағиптарға арнаулы тәрбие және мектеп қажет. Тифлопедагогиканың негізгі принципі бойынша тәрбие мен оқу процесінің біріне-бірінің ұқсас болғанымен, олардың белгілері арасында айырмашылығы болады. Қанша айтқанмен арнаулы мектеп баланы жалпы ортадан алыстатып, оны өмірден оқшау қалуға икемдеп, кемтарлардың бөлектеніп тәрбиеленуіне ыңғайлап, оларды тар құрсауда қал-дырады.
Зағип - көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады. [5]
Денсаулығында кемістігі бар балаға тек ауру жағынан ғана карау біздің теориямыз бен практикамызды қауіпті теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан-жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасының көзі нашар көреді, қаншасы дұрыс естімейді т.б. сондай өзге де кемістіктерін анықтап, олардың денсаулық деңгейін жете аңғара бермейміз. Осы уақытка дейін тәрбиенің 9/10 бөлігі баланы ауру деп санап, ал оның денсаулығының қандай екендігіне көңіл бөлінген жоқ. Көруінде кемістігі бар балаларды зерттеуде ғылыми психологияның ұраны «алдымен адам, сосын ерекше немесе «көруі нашарлаған немесе мүлдем көрмейтін адам» деп санау болды. Мұндай түсінік көзі көрмейтін адамның арнаулы психологиясың екінші орынға ығыстырды. Нақты айтқанда, көзі көрмеушіліктің (құлағы естімеушіліктің) психологиялық факторы сол кеміс балалардың өздері үшін еш маңызды мәселе деп саналмады. Көретін адамдар зағип жандарды су караңғы ешнәрсені көре алмайды деп ойлайды. Кемістер психологаясың бұлай деп түсіну қате. Біз өзімізбен салыстырып, көзі көрмегені үшін қатты қайғырып мұңаятын шығар деп ойлаймыз.Өзі зағип А.М.Щербина, В.Короленко пікірлерін терістеп, оның психологиялық көзқарасының дұрыс еместігін айтады». Көзі мүлдем көрмейтін адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды да және оған қайғырмайды. Психологиялық жағынан алғанда көзі көрмеушілік жағынанда бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В.Бирилсв өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көзі мүлдем көрмейтін адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылык бар, — дейді. Көзі көретін адам жарықты қолымен ұстай алмайды, сол сияқты зағиптар да жарықты көз алдына елестете алмайды. Көру мүшесі нашарлаған бала өзінін соқыр екенін ауырсынбайды және соқырмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүрген әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. [1]
...