Ата Заңым – ардақтым!
Автор: akbotabakysh • Октябрь 19, 2022 • Сочинение • 328 Слов (2 Страниц) • 231 Просмотры
Ата Заңым – ардақтым!
Жер бетіндегі кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін, елдігін, егемендігін айқындайтын негізгі құжаты – Ата Заңы. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы жағдайы, ережелері, азаматтарының жеке құқығы жайында нақтыланып, белгілі бір жүйеге сүйене отырып жазылған құжат. Уақыт өте заман өзгеріп, елдегі жағдайларға байланысты Заңға әрдайым өзгерістер енгізіліп отырады. Ата Заңымыз біздің сан ғасырлық тарихымызды қадірлеп, мемлекетіміздің бар екенін барша әлемге танытатын қастерлі құндылығымыз. Ата Заңымыздағы ережелер Мемлекетіміздің әрбір азаматының жеке құқығын, мемлекеттің мүліктерін, ата-бабамыздың бізге аманаттаған салт-дәстүрін, ұрпақтан-ұрпаққа берілген Тәуелсіздігімізді құрметтеуді талап етеді. Заңымыз 98 бап, 9 бөлімнен тұрады. Заңымыздағы ережелер халықтың мүддесін қорғауға бағытталған. Сондықтан да барлығымыз Заңымызға ерекше құрмет көрсетуге міндеттіміз.
Бауыржан атамыздың «Тәртіпке бағынған - құл болмайды» - деген ғибратқа толы сөзінде біздің әрдайым Заңға деген құрметіміздің ерекше болуын атап көрсетіп тұрғандай. Біздің Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, дамуы тікелей осы Заңға байланысты. Біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, барлық азаматтарды дініне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, тату түрде бір шаңырақ астына жиып келген Ата Заңымызды ардақтау баршамызға жүктелген міндет. Заңымызға толық мойынсұнып, нұсқаған жолымен жүру арқылы ғана біз ата –бабамыз салған дара жолында, дербес мемлекеттің көтерген көк туының астында бақытты күн кешудеміз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев бір сөзінде «Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры»- деп Заңымыздың қаншалықты қасиетті ұғым , Егемендігімізді сақтаудың ең айқын жолы болатыны бізге көрсетеді. Конституциямызды құрмететмей бізге жарық күннің, бейбіт өмірдің ауылы алыстайды. Ішкі тәртіпсіздіктерге тосқауыл болу қиындап, берекесіздікке ұшырайды. Олай болса, Жаратушымыздың мейірі түсіп, ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп жеткен Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, Ата Заңымыз бекіткен ережелерді көзіміздің қарашығындай қорғап, құрмет көрсетуіміз бізге мәңгілік парыз. Осы жолдан таймасақ қана, бейбіт күнімізде қалықтаған берекеміз бен халқымызды қоршаған тыныштығымыз бізбен өмір бойы бірге болмақ. Ата Заңымызды ардақтайық!
...