Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата заң- елдігімнің еңсесі

Автор:   •  Февраль 8, 2022  •  Творческая работа  •  579 Слов (3 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Тұтынушылар Одағы

Арқалық көпсалалы  колледжі

Қаралды:

ЦӘК отырысы ___ ______ 2022 ж

____  хаттама

ЦӘК төрайымы_____________ Ахметбекова А.М

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ата заң- елдігімнің еңсесі»

(Информатика, бағдарламалау және техникалық пәндер

онкүндігіне арналған тәрбие сағат)

Топ: ТТ-20

Топ жетекшісі: Ахметбекова А.М.

Арқалық-2022

Мақсаты: Білім алушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Әдісі: презентациялық

ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ.

Барысы: І. Ұымдастыру

ІІ. Тақырыпқа кіріспе

ІІІ.Викториналық сұрақтар

ІҮ.Негізгі бөлім Конституцияның шығу тарихы

Ү.Не білдік? (сұрақ-жауап)

ҮІ.Ойды аяқта (сергіту ойыны)

Оқытушы: Құрметті оқытушылар, білім алушылар, қонақтар!Біздің колледждің  «Информатика, бағдарламалау және техникалық пәндер» онкүндігінің мерекелік іс шарасына үлес қосқалы отырған ТТ-20 тобының «Ата заң-елдігімнің еңсесі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

“Конституция” термині латын сөзінен алынған, “constitution” ұйым, құрылым деген мағынаны білдіреді. Бұл б.з.д І ғасырда, ежелгі Рим императорларының заң актілерінің атауында қолданылған.Әлемдегі мемлекеттер ішінен ең алғаш рет жазылған Конституцияны 1787 жылы АҚШ қабылдады.Ол бүгінгі күнге дейін қолданыста.Ал Еуропада жазылған конституцияны алғаш рет 1791 жылы Франция мен Польша мемлекеттері қолданысқа енгізген еді.

1-білім алушы

Елге арналатын тілге шын,

Ей ұлым, Отанымның түлегісің

Іргесін туған елдін тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісін?

Ешкім де мін таға алмас елдігіме

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

2-білім алушы

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған

Бастайтын болашаққа бақ кемені

Осы жол халықтың да нақ сенері

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант берді

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті

Ел үшін кім тындырар қайран істі

Елімнің дамуы мен дағдарысы

Олдағы Ата Заңға байланысты!

3-білім алушы

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды

шектеуде және тегін қойылмайды.

Викториналық сұрақтар:

1.ҚР алғашқы конституция қашан қабылданды?

2.ҚР конституциясының авторы кім? Авторы болса....?

3.ҚР конституциясы неше бөлімнен тұрады? Бөлімдерін ата?

4.Неше бап бар?

5.ҚР конституциясынан өзіңнің құқықтарың мен міндеттеріңді қай бөлімнен оқи аласың?

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (97.7 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club