Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түйсік туралы ұғым. Түйсіктің заңдылықтары

Автор:   •  Февраль 24, 2022  •  Реферат  •  2,368 Слов (10 Страниц)  •  391 Просмотры

Страница 1 из 10

1. Түйсік туралы ұғым  

Түйсік  –  қоршаған  сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің  сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі.  

Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі  - дененін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің  басты бөлігі, ол рецептор деп аталынады. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.  

Ми қыртысындағы өткізгіш нервтер  мен учаскелерді талдағыш (анализатор)  (И.П.Павлов)  дейді.  

Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім  -  рецепторларды  тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;  б) мидағы орталықтар.  

          2.  Түйсіктің  түрлері.

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты бөлінеді.

Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады:

дененің беткі қабатында орналасуына қарай экстерорецептор  (көз,  құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері),

бұлшық ет, тарамыс пен сіңірде орналасқан,яғни  адамның қимылдау мен тепе-теңдік түйсіктер  проприорецептор  (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.)

ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін, яғни аштықты, шөлдегенді, ыссы-суықты (қарында, ішекте, өкпеде)  (ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу) түйсіну  интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бөлінеді.  

Көру түйсіктері.  Көру мүшесі болып табылатын көз  -  анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бөлімі  - көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес.

Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты ақ қабық  деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа айналады. Көздің  торлы қабығына  жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың астыңғы екінші қабығы  -  тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі  - нұрлы қабық деп аталады. Көздің  түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке  байланысты түрліше болып  келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.

 Көз дистанттық рецепторға жатады, өйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жөнінде білім береді.  

Заттар мен құбылыстардың түстері   хроматикалық  (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.  Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

 Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Көздің  осындай кемістігін  - дальтонизм  дейді. Ер адамдардың 4-5 пайызы  дальтондық  болса, әйелдер 0,5 пайызы  ғана. Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет.

Есту түйсіктері.  Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп  - ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады.

...

Скачать:   txt (30.1 Kb)   pdf (119.5 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club