Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алтын Орда

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Эссе  •  295 Слов (2 Страниц)  •  303 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ғашықтық дастандар ерекше орын алады. Бүл жырлар Қазақ хандығы қүрылу қарсаңында жазылған көркем туындылар еді. Сол себепті Алтын Орда дәуірінде жазылған дастандар қазақтың өзіндік төл әде- биетінің мазмүн және форма жағынан қалыптасуына зор ықпал етті.

Енді ғашықтық дастандардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтеміз. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрікті үлгісі — «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорезми — ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған.«Мүхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды. Жігіт сүйген қызына жазған хатында «Сүйіктім қасымда болсаң, жүмақтың маған керегі жоқ» деп батыл сөйлейді. Дастанның басты қаһармандары — бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан түрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады. Мұнда екі ғашық жанның ой- сезімдері, айтар сөздері жігіттің жазған арнау хаттары арқылы берілген. Кезінде мұндай әдіс әдебиет жанрындағы айтарлықтай жаңалық болған. Бертін келе мұндай лиро-эпикалық поэмаларға айналып кеткені әдебиет тарихынан мәлім. Хорезми өз қаһармандарының бейнесін айқындай түсу үшін өзінен бүрынғы сөз зергерлерінің қолынан шыққан Ләйлі мен Мәжнүн, Хүсрау мен Шырын, Жүсіп пен Зылиха сияқты ғажайып образдарды зор білгірлікпен, аса шеберлікпен, шығармашылықпен пайдаланып отыра- ды. Мүның өзі Хорезми кейіпкерлерінің бейнесін сан қырынан келіп көрсетуге көмектеседі.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (42.3 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club