Алтын Орданың әлемдік тарихтағы рөлі
Автор: saulebekbalzhan • Ноябрь 20, 2022 • Эссе • 993 Слов (4 Страниц) • 743 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Физика-техникалық факультет
Физика және нанотехнологиялар кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: "Алтын Орданың әлемдік тарихтағы рөлі"
Орындаған:
ФЕК-202 тобының студенті
Амет Фариза
Тексерген:
Шохатаев Олжас Саятович
Қарағанды
2022 жыл
Болашақты құру үшін өткеніңді ұмытпау керек. Өткеннің мысалдары, бүгінгінің баға жетпес байлығы. Болашағын жоспарлап, барын бағалай білген адам ешқашан адаспайды. Әр жеке дара тұлға өз елінің тарихын білуі керек. Бұл Қазақстанның шексіз даласының аумағында болып жатқан көптеген оқиғаларымен байланысты. Ерте орта ғасырларда Ұлы Дала жерін түріктер, түргештер, оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар мекендеген. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б. Одан соң, XIІI ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Темучин басқарған моңғол шапқыншылығы екі ғасырға қазақ халқының халық болып қалыптасуын тежеді. Темучин өз ұлдарына жерлерді бөліп беру арқылы ұлыстар пайда болды. Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда. Жалпы тарихта осы Алтын Орданың әлсіреуі нәтижесінде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордалары қалыптасады. Ал осы Алтын Орданың әлемдік тарихтағы рөлі қандай?
XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында моңғол қолбасшысы Темучин шығыста Жапон теңізінен батыста Каспий теңізіне дейінгі ұлан-ғайыр аумақтарды жаулап алып, Шыңғыс хан атағын алды. Оның ұлдары жаулап алуын жалғастырып, көп ұзамай Моңғол империясы адамзат тарихындағы ең ірі континенттік мемлекетке айналды. Ол Орталық Азияны, Оңтүстік Сібірді, Қытайды, Тибетті, Шығыс Еуропаның бір бөлігін біріктірді. Шыңғыс хан өлерінен аз уақыт бұрын ұлдары арасында империяны ұлыстарға бөліп, оларға бүкіл әлемді жаулап алуды өсиет етті. Солтүстік-шығыстағы ең бай аумақтар Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының қолында болды. Оның ұлысына Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігі мен Еуразия даласының батыс бөлігі кірді. Кейін бұл аумақ Алтын Орда деп аталды.
«Алтын Орда» атауы көптеген жылнамаларында бұл мемлекет болмаған, дегенмен XVI ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болған. Хан Жошы өз ұлысын ұзақ билеген жоқ. Одан кейін билікті ұлы Бату қолына алды. 1220 жылдардың басынан 1240 жылдардың бірінші жартысына дейін батысқа бірнеше агрессивті жорықтар жасады. Орда құрамына Оңтүстік Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы және Қырым кірді. Русь княздіктері қирап, салық салынған. Одан кейін моңғолдар Еуропаға басып кіріп, Сербия, Чехия, Венгрия және тағы бірнеше елдерді тонап, тек Адриатика теңізінің жағалауына ғана тоқтады. Қытай жазба деректері бойынша бірде-бір жауынгер моңғолдардың салт атты жауынгерлеріне төтеп бере алмаған және олардың қуатты соққыларының нәтижесінде Русь және Еуропа жерлерінің қабырғалары құлаған. Батудан кейін оның інісі Берке хан билікке келді. Ол хандардың ішінде бірінші болып ислам дінін қабылдап, моңғол орталығында тәуелсіз саясат жүргізе бастады. Оның тұсында салық жинау жүйесі құрылды. Берке хан билік еткен кезде Алтын Орда мен Мысырда ресми түрде елшілік алмасты. Одан соң хандық билікті Бату ханның немересі Мөңке Темір алды. Ол Жошы ұлысын білеушілердің ішінен бірінші болып, өз атынан теңге соқтырып, жарлықтар шығарған.
XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек хан мен оның ұлы Жәнібек билеген тұста Алтын Орда өзінің ең жоғары өркендеу деңгейіне жетті. Өзбек хан Батудың ұрпағы болатын. Өзбек хан 1312 жылы исламды Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етіп біржолата бекітті, орталық билікті күшейтіп, құрылтай шақыруды тоқтатты. Өзбек хан керуен саудасының дамуына көп көңіл болды. Орда Батыс Еуропа, Кіші Азия, Мысыр, Үндістан, Қытай елдерімен қызу сауда жүргізілді. Сауда мемлекет құрылысының өркендеуіне ықпал тигізді.Осылай елдің экономикалық жағдайы гүлдене бастады.
...