Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адалдық – ардың ісі

Автор:   •  Февраль 7, 2020  •  Сочинение  •  777 Слов (4 Страниц)  •  5,100 Просмотры

Страница 1 из 4

Адалдық – ардың ісі

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Шоқан Уалиханов

        Адалдық – бұл бір қарағанда жай сөз болғанымен мағынасы мен адам өміріндегі мәні, біз ойлағаннан да зор.  Адалдықты әрбір адам өзінен, және де өзгелерден ізейді, іздеу үстінде. Бұл ұғым тек ересек адамдарға ғана емес, сонымен қатар балаларға да таныс болып келетіні бәрімізге мәлім. Барлығымызды ата-анамыз бала кезімізден бастап адал болуға, жалған сөйлемеуге үйреткен. Дегенмен де не себепті адал жүріп, адал өмір сүру керектігін толығымен нақтылай түрсіндірмеді де. Осы ұғымның негізгі мәнін, не себепті оның адамдар арасындағы қарым- қатынаста өте жоғары бағаланатыны туралы ұзақ ойландым, зерттедім десем де артық болмас.

        Адал адам өзінің қоршаған ортасында құрметке, және ең бастысы басқаларның сеніміне ие болады. Сол себепті болар адалдықты ардың ісі дейді, оны адам бойындағы ең жақсы әрі маңызды қасиет деп баағалайды. Өйіткені, адал адаммен іс жүргізу өте оңай, әрі біз сондай адамға өзіміздің ешкімге аша алмай жүрген құпиямызды айта аламыз және бұл құпиямыздың ертең бүкіл жұртшылыққа аян болмайтынына нық сенеміз. Себебі, бұл кісі адал, ал адал адам сыр сақтай алады.

        Әрбір іс-әрекеттің екіжақты салдары болатыны бәрімізге айдай анық, соңы тұжырымдай келе адалдықтың да екіжақты әсері болатын сияқты болып көрінеді өзіме. Айтқым келіп тұрғаны адам бойындағы бұл ізгі қасиет кей кезде адамға көмегін тигізсе, ал кей жағдайларда керісінше істі ушықтырып жіберуі мүмкін. Жалпы менің ойымша әрбір істі жақсылық үшін істейтін болсақ онда бұл ешбір адамға кесірін тигізбейді. Адалдықтың да өз орны бар, оны белгілі бір жағдайларға байланысты қолдану керек. Әсіресе жанына жақын адамдардың көңіліне қарау керек деп ойлаймын. Бұны әрине көп ойлана келе «адалдық» сөзінің тар мағынасында айтып тұрмын. Мысалы, анамыз үйде тамақ пісіргенде тұзын аз не болмаса көп салып жіберуі мүмкін сол кезде тамақ дәмсіздеп ол кісінің бетіне баспай, тамағыңыз дәмді болыпты деп айтамыз. Бұл адалдықты аттап басып өтірік айту емес, жанына жақын адамның көңілін түсірмеу. Тіпті бұған байланысты шариғатта былай дейді екен: ерлі-зайыптылардың бір-біріне айтқан сөзі (сен бәрінен де сұлусың, бүгінгі тамағын өте дәмді болды т.б) өтірікке жатпайды деген. Себебі бұл екі адамның арасындағы қатынасты жақсартпаса, суытпайды.

        Біреудің бойынан адалдықты іздемес бұрын, бірінші осы керемет қасиетті біз өз бойымызда қалыптастыруымыз керек. Ең бастысы өзіне адал болу және өзіннің қатеіктерінді түсіне білу – ересек өмірге және де жеке тұлға болуға бағытталған ең алғашқы әрі ең тиімді қадам. Бұл арқылы біз болашақта айналамыздағы адамдар мен жақындарымызға шындықты оңай жеткізе аламыз. Ол үшін адалдықтың маңыздылығын, оның сенің өмірінде алатын орның жақсылап тұрып түсініп алуын керек.

        Ал қазіргі таңда бұл ұғымға деген көзқарас тым бөлек. Жалпы адалдық туралы пікір бізге өткен ғасырларда жазылған романдардан, повесттерден, көптеген басқа да шығармалардан жеткен. Олардың мазмұны бойынша адамдар еліне, өзінің туғандары мен достарына, сүйген жарына адал болған. Адалдықты адамның ең негізгі құндылығы деп бағалаған. Ал қазір бұл ұғым мен танитын адамдардың арасында менің ойымда ғана бар сөздердің «қызыл кітабына» еңгендей. Неге десеңіз қазіргі таңда адал адамды табу Шыңғыс ханның мазарын табумен тең деп айтар едім. Себебі, бұл құнды қасиет өте сирек кездеседі. Бұл қасиетті бір адамның бойынан енді таптым дегенде ол жай ғана көз бояушылық не болмаса жағымпазданушылық болып кете береді.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (66 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club