Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Академиялық адалдық. Плагиат

Автор:   •  Апрель 7, 2021  •  Практическая работа  •  835 Слов (4 Страниц)  •  971 Просмотры

Страница 1 из 4

Модуль 1. Академиялық жазылым және оқылым

7. Практикалық сабақтың тақырыбы: Академиялық адалдық. Плагиат.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге адам бойындағы адалдық сезімдерін ұғындырып, академиялық адалдықтың принциптері туралы түсінік беру. Ғылыми плагиат үшін заңды жауапкершілік бар екенінен хабар беру.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіздер?

Адалдық – ақжарма ниет, ішкі жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы, әрдайым шынайы, тура әрі әділ болу, уәде мен аманатқа беріктік, ар алдында таза болуға ұмтылу. Адам бойындағы бағалы қасиеттердің бірі.

2. Адал дос дегенді қалай түсінесіздер?

Адал дос дегеніміз – өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Әрқашан сені қолдап, шындықты жақтайтын, ұятқа қалдырмайтын адам.

3. Адал болу кез-келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?

Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан – дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Иә, адал болу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Неліктен? Себебі кейбір адамдар адамның ақша немесе зат үшін дос болатыны бар, ал ондай адамдар басыңа іс түскенде жоғалып кетеді.

4. Ата-анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіздер?

Адал болу – өтірік айтпау, қолдау көрсететін, жауапкершілігі мол, шындықты жақтайтын, сенімді адал болу.

5. Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?

Иә, мен үшін адалдық басты қасиет деп санаймын.

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Бұл мақал-мәтелді Шоқан Уәлиханов атамыз айтып кеткен. Дүниеде әділдік пен адалдықты өзіне серік еткен адам нағыз мықты жеңіске жететін адам.

«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді»

Адамдар бір-біріне адал бола білсе ғана, олардың қарым-қатынасы адамгершілік қасиеттер арқылы нығая түседі. 

3-тапсырма. «Авторлық құқық және плагиат дегеніміз не?» атты бейнежазбаны көріп, «Стоп кадр» әдіс тәсілі арқылы сұрақтарға жауап дайындаңыздар.

1. Бейнежазба не туралы?

Авторлық құқық пен плагиат туралы

2. Біз қандай жаңа ұғымдармен таныстық?

Авторлық құқық пен плагиат, қорғайтын ұйымдар

3. Плагиат деген не?

Плагиат дегеніміз – басқа автордың әдеби және ғылыми туындысын иемдену, рұқсатсыз пайдалану.

4. Авторлық құқық деген не?

Авторлық құқық дегеніміз – программалар немесе тағы да басқа бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.

5. Авторлық құқықтың неше түрі бар?

Екі түрі бар: жеке құқық және мүліктік құқық.

6. Плагиат туралы қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

Плагиат – бұл басқа біреудің сөздерін немесе идеяларын ұрлау. Мысалы, шығарма, ән, би т.б көшіру.

7. Авторлық құқық пен заң дегенді қалай түсінесіңдер?

Әр жерде өзіндік заң болады және оған бағыну керек. Егер заңды бұзатын жағдайда жазаға тартылады.

8. Адам тобының іс-әрекет нәтижесі не себепті заңмен қорғалады?

Адамның іс-әрекет нәтижесі яғни жасаған еңбегі ұрланатын болса, ол заңмен қорғалады.

9. Не себепті авторлық өнімді рұқсатсыз қолдануға болмайды?

Себебі, автор оны өз еңбегімен жарыққа шығарады. Егер рұқсатсыз қолданатын болса, заңға сәйкес жазаланады.

10. «Плагиат» термині?

Плагиат (лат.plagio-ұрлау, ұрлық)

11. «Плагиат» неден туындайды?

Идея жоқтығынан туындайды.

12. Авторлық құқық дегенді қалай түсінесің?

Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы және қолданудағы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (82.6 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club