Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлы

Автор:   •  Октябрь 26, 2023  •  Эссе  •  288 Слов (2 Страниц)  •  250 Просмотры

Страница 1 из 2

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Арғын тайпасының Шақшақ[3] руынан[4]шыққан.

Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған

Қазақ әдебиеттану ғылымының жеке саласы ретінде әдебиет теориясының кейінгі даму, кемелдену кезеңдері үшін А. Байтұрсынұлы еңбегінің маңызы мен мәні зор болды. Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, З. Қабдолов сынды Қазақстан жоғары білімі мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің ғылыми, әдеби-теориялық көзқарастарының, әдебиет теориясы жайындағы зерттеулерінің, оқулықтарының теориялық және методологиялық негізінде А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» тұрды. Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі белгілі дәуірдің баға жетпес әдеби-теориялық ескерткіші ретінде әдеби-теориялық ойдың кейінгі дәуірлердегі дамуы мен өсіп-өркендеуінің нәрлі бастаукөзіне айналды. Ғылыми еңбектің белгілі дәуірдің баға жетпес әдеби-теориялық ескерткішіне, ұлттық әдеби-теориялық ойдың кейінгі дәуірлердегі дамуы мен өсіп-өркендеуінің нәрлі бастаукөзіне айналуы – ғылыми шығармашылықтағы баламасыз қазына. Ғылымда кейінгі ұрпаққа мұндай баламасыз ұлы қазына қалдыру ғылымның баламасыз ұлы қайраткерінің ғана қолынан келмек. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғылымының тарихындағы, әдебитеориялық ой өрісіндегі баламасы жоқ ұлы қайраткер. Қазақтың ой өрісін білім денгейін көтеруге еңбек еткенімен , өз ұлтының ұлттық санасын көтерудегі рөлі қандай болды?

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club