Ізгілік ұғымы
Автор: 52219G • Март 24, 2022 • Доклад • 334 Слов (2 Страниц) • 245 Просмотры
Қазіргі таңда ұлттық тәрбиенің қаймағы ауылда сақталып отырғаны сөзсіз. Өзім ауыл мектебінде сабақ бергендіктен азғантай оқушыларымызды шабыттандыра білуіміз қажет. Көкейіме бұл сұрақ келгенде, ең бірінші менен үміт, тың дүние күтіп отырған оқушыларым көз алдыма келеді. Оларды лаулаған оттай шабыттандыратын да, бықсыған күлге айналдыратын да өзім сияқтымын. Лао Цзының: «Сен өзгерсең, айналаңдағы әлем де өзгереді» - деген адамгершілік қасиетке шақыратын қанатты сөзін негізге ала отырып оқушыларға рухани байлық пен материалдық байлықтың ара-жігін түсіндіре алу да ұстаздың бірден-бір міндеті. Әр сабақты өткен шәкірттеріме «сен бүгін жарадың», «сенің қолыңнан бәрі келеді», «тырысып көр», «өте дұрыс», «керемет» т.б демеу беретін сөздер арқылы шабыттандырамын. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» әрине бір жылы сөздің өзі адам баласына шабыт берері анық.
Менің ойымша қазірігі таңда мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудар «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданғаннан кейін мұғалімге деген талап та көзқарас та өзгеруде. Мұғалімдердің де жағдайы жақсарды. Дегенмен айта кететін жағдай, әлі де болса аудандық, ауылдық жерлерде ұстаздар қауымына мүмкіндік аз жасалған. Оның бірі-интернет мүмкіншілігі. Соған қарамастан алға жылжу, даму бар. Кедергілерге қарамастан оқушыларға жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беріліп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді, платформаларды қолданып жатырмыз. Интернет арқылы жұмыс жасалынатын «Kahoot» платформасын да оқушыларыма меңгертіп, жұмыс жасаудамын.
Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ғана емес отбасының
...