Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мэри Уолстонкрафт философиясы және қазақ қоғамындағы әйелдердің құқықтары

Автор:   •  Июнь 9, 2023  •  Статья  •  1,307 Слов (6 Страниц)  •  207 Просмотры

Страница 1 из 6

Мэри Уолстонкрафт философиясы және қазақ қоғамындағы әйелдердің құқықтары

                        Лазатбекова Айпара  Қабділда Аружан

                        Алматы Менеджмент Университет

                        Логистика, 3 курс

 Аннотация. Мақалада жазушы, философ  Мэри Уолстонкрафттың (1759-1797 жж.) өміріндегі оқиғаларға байланысты феминизм идеялары туралы және ең танымал «Әйел құқығын қорғау» шығармасындағы ойлары жайлы  айтылады. Мақалада қазіргі қоғамдағы әйел құқығын қорғау және статистикалық деректер көрсетіледі.

В статье рассказывается об идеях феминизма, связанных с событиями из жизни писательницы, философа Мэри Уолстонкрафт (1759-1797), и о ее мыслях в самом известном произведении «защита прав женщин». В статье отражена защита прав женщин и статистические данные в современном обществе.

Annotation

The article tells about the ideas of feminism related to the events of the life of the writer, philosopher Mary Walstoncraft (1759-1797) and the most famous work "Protection of women's rights". The article reflects the protection of women's rights and statistical data in modern society.

Тірек сөздер:  феминизм, әйел құқығы, зорлық-зомбылық

Мэри Уолстонкрафт- ағылшын феминистік жазушысы және философы. 1759 жылы Лондон қаласында дүниеге келген. Оның әкесінің аты Эдвард Джон, ал анасы Элизабет Ирландия Корольдігі  Баллишаннондағы Диксон отбасынан шыққан. Мэри  жас кезінде ақыл-ойының жетекші белгілері болған нәзік сезімталдықпен, парасаттылық және тез шешім қабылдайтын  мінезімен ерекшеленді. Ол әкесінің де, анасының да сүйікті қызы емес еді. Оның әкесі қызу мінезді, серпінді, мейірімділік пен қатыгездіктің ауыспалы шабуылдарына ұшыраған адам болған. Оның отбасында ол деспот болды, ал оның әйелі оның қол астындағылардың алғашқысы және ең бағынушысы болған сияқты.{1}

Мэри Уолстонкрафт 1785  жылдан бастап кәсіби түрде жазумен айналысып, көптеген кітап шолулары мен жеке еңбектерін жариялады. 1786 жылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне анализ жасай отырып, «Қыздарды тәрбиелеу туралы ойлар» атты еңбегін жазды.  Уолстонкрафт әр түрлі жанрларда жазды, бірақ ең танымал шығармаларының бірі «Әйел құқығын қорғау». "Әйел құқығын қорғау" 1791 жылы жазылып, 1792 жылы жарық көрді, екінші басылымы да сол жылы жарық көрді. Өмір бойы ол әлеуметтік нормаларды сынай отырып, әлеуметтік келісімдерге қарсы шықты. Мэри Уолстонкрафт өмірінде 18-ге жуық жұмыс жазды, оның 6-сы аяқталмаған және қайтыс болғаннан кейін басылған,

Мэри Уолстонкрафтың «Әйел құқығын қорғау» шығармасы феминистік теорияның классикасы ретінде қарастырылады. Шығарманың негізгі ойы- әйел ең «адал емес» түрде ерлердің ойыншығына айналады және толығымен құлдықта деп саналады. Уолстонкрафт әйелдермен құлдар, үй жануарлары және төмен ойдағы адамның досы ретінде қарым-қатынас жасау керек емес деп санайды. Ол: «әйелдердің ақыл-ойын дамытып, олардың өмірлік принциптерін жоғары қойған кезде, олар тек Құдайға ғана тәуелді екенін сезінеді. Әйелдер ер адамдар сияқты берілмеуді, қажеттіліктерді ұстануды үйренсе, сонда ғана одан ары тартымды және адамгершілікке ие болады» деген.{5}

Автор әйелдерді қоғамда қандай да бір позицияға ие болғысы келсе, оқуға және өздерің  дамытуға ден қоюға шақырады. Ол әйелдерсіз өмір сүру мүмкін еместігін айтады, себебі әйелдер бала тәрбиесі мен айналысады және қажет болған кезде әрдайым күйеулеріне қолдау көрсетеді. Өкінішке орай кейбір ер адамдар өз әйелінің қадірін білмейді, оны үй шаруасымен айналысатын адам ретінде ғана көреді. Бірақ философ онымен келіспейді. Ол ер мен әйел құқығының теңдестіруді талап етеді. Сондықтан ол кейбір кітаптардың авторларымен, мысалы, Джон Григориймен, сондай-ақ әйелдердің білім алуын қаламайтын философтармен дауласуға шешім қабылдады. Руссоның кітабында тіпті әйелдерді ер адамдарға ұнау үшін тәрбиелеу керек деп жазылған.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (212.7 Kb)   docx (120.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club