Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи қазақ киноленталары

Автор:   •  Декабрь 6, 2020  •  Реферат  •  339 Слов (2 Страниц)  •  501 Просмотры

Страница 1 из 2

Заманауи қазақ киноленталары

Қазіргі заманда  кең етек алып отырған компьютерлік кинематограф мүмкіндіктері жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына, экрандық өнердің жаңа түрінің туындауына себеп болып отыр. Жаңа технологияның даму сатылары шығармашылық ізденістің те түрлі нәтижелерін көрсетуде. Электроника, кибернетика жетістіктері мен небір аса күрделі компьютерлік өңдеу тәсілдерін кең пайдаланған заманауи экрандық шығарма мазмұны компьютерлік әсерлі эффектілер арқылы толықтырылуда. Өнер мен заманауи технология арасындағы тығыз байланыстың әр жаңа сатысында көркемдік суреттеудің жаңа тәсілдерін шығармашылық ізденіспен меңгеруге деген жауапкершіліктің де арта түсетіні белгілі.

Заман өзгерген сайын, көрерменнің талабы да өзгеріске ұшырайды. Қоғамдағы күрделі қарым-қатынас аясында экрандық шығарманың көрермен санасына, әсіресе, жастар аудиториясына деген ықпалының орасан зор екендігін ескерсек, отандық кино өнімдерінің саны мен сапасы арасындағы алшақтық алаңдатпай қоймайды. Осы тұрғыда бірқатар өзекті мәселерді ескерген жөн болар еді. Өнер туындысы мен оны тікелей тұтынушы көрермен арасындағы қарым-қатынастың бір-біріне деген өзара құрмет мәдениетінен құралатындығын ұмытпаған жөн.

Бүгінгі таңдағы кинокөрерменнің негізгі аудиториясын жастар мен жасөсіпірімдер құрайды. Заман талабына сай жабдықталған кинотеатрлардың көрерменге қызмет көрсету сапасы да жоғары деңгейде. Сондықтан да болар, жастар кинозалға келіп, жаңа кинотуындыларды тамашалауды дем алып, көңіл көтерудің маңызды бөлшегі деп қабылдайды. Көпшілік кинокөрермен фильмнің қай жерде, қандай жағдайда түсірілгендігіне көңіл аударып әуре болмайды. Қомақты қаржы жұмсалып, кинотехнологияның озық үлгісінде түсірілген картиналардың «әсерлі» көріністері мен ойын-сауық мәнеріндегі сюжеттік үзінділерінен жиі берілетін жарнамалық кезеңі көрерменді жалған тартымдылығымен аса қызықтырады. Бүгінгі отандық экран осындай тәсілдерді жиі пайдаланатын комедияларға толы. Осының дәлелі ретінде Нұртас Адамбайдың, Нұрлан Қоянбаевтың, Асқар Ұзабаевтың фильмдерін айтуға болады.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (39 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club