Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Техникалық күкіртсутегінің күкірт өндіру қондырғысы туралы айтыңыз

Автор:   •  Октябрь 19, 2021  •  Контрольная работа  •  905 Слов (4 Страниц)  •  289 Просмотры

Страница 1 из 4

Тапсырма 6

1.Техникалық күкіртсутегінің күкірт өндіру қондырғысы туралы айтыңыз.

Мұнай өңдеу зауыттарында күкіртті техникалық көмірсутектен алады. Мұнай өңдеу зауыттарында күкіртсутек 15% МЭА ерітіндісінің көмегіменен гидротазалау және гидрокрекинг қондырғыларының тиісті ағындарынан бөліп алады. Яғни осы қондырғылардан келген МЭА ерітіндісін регенерациялау нәтижесінде абсорбцияланған күкіртсутектер бөлінеді. «Гипрогазочистка» институтының жобасы бойынша құрылған, күкірт өндіру қондырғыларында, құрамында 83,8% (көл) төмен болмайтындай мөлшердегі күкіртсутегі бар күкіртсутекқұрамды газ қолданылады. Қондырғы шикізатының құрамындағы көмірстуекті газ 1,64% (көл), су буы (40оС және 0,5 мПа болғанда) 5% (көл) және көміртек диоксиді 4,56% (кол) көп болмауы тиіс. Қондырғыда мемлекеттік стандарт талаптарына сай келесі құрамдық мөлшердегі жоғары сапалы күкірт өндіріледі, тиісті түрде 99,98% (көл), 99,0% (салм) және 99,85% «салм). Шикізаттағы күкірсутектің мөлшері артуыменен, күкірттің шығыны артады. Мысалыға; 95÷96 (салм) дейін. Күкірт өндірісінің негізгі технологиялық процестерінің кезеңдері мынадай болады: күкірт және күкірт диоксидін ала отырып күкірт сутекті ауа оттегімен тотықтырады; катализатор тиелген реакторларда (конверторларда) күкіртсутекті күкірт диоксидіменен әрекеттестіру. Термиялық тотықтыру процесі негізінен бір агрегатта қазанутилизатормен бірге монтаждалған отындықта жүреді. Күкіртсутегі мен күкірт диоксидін араластыру және қыздыру қосалқы отындықта жүреді. Күкіртті каталитикалық өндіруді әдетте екі сатыда атқарылады. Термиялық жолменен өндірудегідей қаталитикалық өндіруді елеусіз артық қысымда жүргізеді. Күкірт негізінен халық шаруашылығында күкірт қышқылының өндіруде, бояуда сіріңкені өндіруде және резеңке өндірісінде вулканизациялаушы агент ретінде қолданылады.

2. Қондырғының технологиялық схемасын сызып көрсетіңіз. [pic 1]

 

қабылдағыш;2- буландырғыш ;3-деаэратор;4,11,14-отындық;5-ауа үрлегіш;6фильтр;7,9,17,18- гидравликалық тиек;8,16-реакторлар;1О-конденсаторгенератор;12- қыздыру пеші;13-түтін кұбыры;15-күкірт ұстағыш;19-сорап;20күкірт қоймасы;21-шикізаттың ауа қатынасындағы    блоктармен шығындарды реттеуші

1.11сурет- Күкірт өндірісінің  сұлбасы

3. Қондырғының технологиялық схемасын түсіндіріңіз.

Күкіртсутектен күкіртті өндіру қондырғысының технологиялық схемасы (11 сурет) келесідегідей жұмыс істейді.

Шикізат күкіртсутек құрамды газ қабылдағышта техникалық күкірстсутегі араласқан МЭА ерітіндіден және судан тазартылып қыздырғышта 2 45-50оС дейін қыздырылады. Сонан соң күкіртсутек құрамда газдың жану мөлшерінің 89% (салм) бағыттаушы формулалар арқылы негізгі отындыққа 4 беріледі. Осы формулалар арқылы отындыққа ауа үрлегіш 5 көмегіменен ауа беріледі. Мұнда шикізат шығыны мен ауа-газдың берілген көлемдік қатынасы (2-3):1 мөлшерде автоматты қамтамасыз етіледі. Негізгі отындықтан шығардағы технологиялық газдың температурасы термопаралармен, не гидрометрлермен өлшенеді. Сонан соң газ негізгі отындықтың қазан-утилизаторының алғаш бірінші, сонан соң екінші конвективтік құбырлар шоғырларында суытылады. Конденсат химиялық тазартылған су қазан-утилизаторға деаратордың 3 жоғарғы жағынан келіп түседі. Негізгі отындық қазан-утилизаторында қысымы 0,4-0,5 мПа болатын су буы өндіріледі. Күкірт тасмалданушы құбырда, сондай-ақ сұйық күкірт қоймасында температура 130-150оС шамасында болуы тиіс.  Қазанутилизаторда конденсацияланған күкірт гидравликалық тиек 7 арқылы жерасты қоймасына 20 ағып түседі.

 Күкірт диоксидімен қаныққан техналогиялық газ қазан-утилизатордан каталитикалық сатының 11қосалқы отындығының I араластыру камерасына бағытталады. Отындықтың шығу камерасына күкіртсутекқұрамда газ бен   ауаүрлегіштен 5 келген ауа келіп түседі. Мұндағы ауа газдың көлемдік қатынасы 2-1 және 3-1 мөлшерде автоматты қадағаланады. Қосалқы отындықтың 11 араластыру камерасынан жану өнімдер қоспалы бірінші сатының тік араласқан реакторының 8 жағарыдан төмен қарай беріледі. Реактордың саңылауы торына алюминидің активті оксиді катализатор түрінде тиелген. Катализатор қабатымен газ жылжып отырып температурасы жоғарылайды. Бұл катализатордың қабат биіктігін шектейді, себебі температураның өршуіменен катализатордың белсенділігі төмендейді. Технологиялық газ реактордан  8 конденсат-генератордың 10 жеке секциясына бағытталады. Конденсацияланған күкірт гидротиек 9 арқылы жерасты қоймасына 20 ағып түседі. Ал газ 14 каталитикалық сатының қосалқы отындығының II араластыру камерасына беріледі. Конденсаторгенераторда өндірілген 0,5мПа немесе 1,2 мПа қысымдағы бу қондырғыда қолдануы мүмкін, немесе зауыттың бу құбырына жөнелтіледі.

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (138 Kb)   docx (54.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club