Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы ретінде
Автор: 147258 • Ноябрь 6, 2018 • Реферат • 79,011 Слов (317 Страниц) • 2,061 Просмотры
Сабақтың тақырыбы : Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы ретінде Мақсаты: 1.Жаратылыстану ғылымының мақсаттары мен міндеттерін толық түсіндіру; 2.Жаратылыстанудың негізгі нысандары мен оның негізгі мақсаты-ғылыми бағыты, адамзат үшін бұл ғылымның теориялық-сарамандық(практикалық) мәні,жаратылыстану ғылымы дамуының негізгі кезеңдері мен оқушыларды таныстыру. 3.Басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру,пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Қажетті құрал-жабдықтар:Глобус,карта, суреттер мен схемалар Әдісі:сұрақ-жауап,суреттер мен схемалармен жұмыс...
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті 1.Оқушылармен танысу; 2.Келген,кеткен оқушылардың есебін алу.
Жаңа сабақ: [pic 1] Сұрақтар қойылады: 1.Табиғат дегеніміз не? 2.Өлі,тірі табиғат? 3.Табиғат адамға не береді?4.Табиғатта болып тұратын өзгерістер? Жер бетіндегі бізді қоршаған денелер-жер үсті денелері,ал жердің шегінен басқа денелерді-ғарыштық денелер дейміз.Астрономия( грек тілінде астрон-жұлдыз,номос-заң)ғылымы Күн,Ай,жұлдыздарды зерттейді. Заттар:1.органикалық(тірі денелер құрамындағы заттар) :ақуыз(белок), майлар,көміртегі(крахмал)... 2.бейорганикалық(өлі денелер құрамындағы заттар):шыны,резина,ағаш... Тірі денелер өседі,өледі,ұрпақ береді:бактериялар,саңырауқұлақтар, өсімдіктер,жануарлар,адам және құстар,құрт-құмырсқа,шыбын-шіркейлер ... Бұларды биология(биос-тіршілік,логос-ғылым)ғылымы зерттейді. Жаратылыстану екі ұғымнан тұрады:жаратылыс(табиғат) және тану.Оған физика,химия,биология,астрономия, география,экология ғылымдары енеді. Жаратылыстану-табиғат құбылыстары мен олардың жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандары(ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін),дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын,тірі табиғатты,біздің ғаламшарымыздан тыс жатқан нысандарды,сондай-ақ Жерді қамтиды.Табиғаттағы денелер ұдайы өзгеріске ұшырайды.,бұл өзгерістерді табиғат құбылыстар деп атайды.Күн мен түннің ауысуы,жыл мезгілдерінің ауысуы,жанартаудың атқылауы,жер сілкінісі,жауын-шашын,жел....Табиғат дегеніміз-адамның тіршілік етіп отырған(ортасы)үйі.Табиғаттан тамақ,киім,дәрі-дәрмек,отын,құрылыс материалдары...алады.Табиғатты танып-білу барлық адамзат үшін қажет.Әрбір адамтабиғатты қорғауға міндетті.
Жаратылыстанушы ғалымдар: Леонардо да Винчи -«Кодекс атлантикус»еңбегінде пантонды көпірдің ,велосипедтің ,танктың ,парашюттың,ұшақтың,тікұшақтың ,сүңгуір қайықтың қазіргіге ұқсас жобаларын жасаған. Герард Меркатор -1-ші болып дөңгелек жерді тегіс картаға түсірудің жобасын жасаған. Галилео Галилей-32 есе үлкейтетін телескоп ойлап шығарып,1610 ж. Юпитердің 4 серігі бар екенін,Күндегі дақты,Сатурнның сақинасын ашты. Иоганн Кеплер-ғаламшарлардың айналу заңын ашып,кестесін құрастырған. Исак Ньютон-(ағылшын)-Дүние жүзі тартылыс заңын ашты.Айналы телескоп ойлап тауып ,оптикалық құбылыстардың пайда болу себебін ашты. М.В.Ломоносов-(орыс)физика,химия,салаларында және басқа да ғылымдарда жаңалықтар ашты. Карл Линней-(швед)жануарларды,өсімдіктерді туыстарға,түрге классификациялау (жіктеу)әдісін ұсынды Чарлз Дарвин -(ағылшын)органикалық дүниенің эволюциялық жолмен (адамның маймылдан) пайда болатынын-гипотезаның негізін қалады. Эдвине Хаббл-(американдық)1-ші ретандромеда тұмандығының жеке галактика екендігін дәлелдеді. Ш.Уалиханов –(қазақ) Жетісуды,Ыстықкөлді зерттеген. Әль-Фараби –«екінші Аристотель» .150 еңбек қалдырған. Әбу-Райхан-әл-Бируни –Күн,жұлдыздар,Айды зерттеп,150 еңбек жазған. Николай Коперник-(поляк,1473-1543 жж)ғаламшарлар Күнді айналады деп жаңа теория қалыптастырған.
...