Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тасқын туралы аңыз

Автор:   •  Ноябрь 2, 2019  •  Анализ книги  •  343 Слов (2 Страниц)  •  624 Просмотры

Страница 1 из 2

                      Тасқын туралы аңыз

     Бұрынғы заманда Уичоль есімді жас жігіт күн сайын ағашты кесіп, егіс алқабын тазартуға тырысады. Бірақ оның бүкіл еңбегі бекер болады. Келесі күні таңертең үлкен ағаштар қайтадан кеше тазартылған жерде өсіп шығады. Соңында Уичол барлық ағаштарды кесіп тастап, бұдан кейін не болатынын көруді шешті.

    Содан кейін не болды: таза егіс алқабында асатаяқ ұстаған қарт әйел пайда болды. Ол Жердің құдайы – ұлы Накаве болатын. Ол кесілген ағаштарды қайта қалпына келтірді. Ол жігітке оның барлық жұмысы бекер болғанын айтып, бес күн ішінде су тасқыны болатынын хабарлады. Оған өз-өзін құтқару керектігін ескертті. Мұны тек бес дәнді жүгерісі, бес үрме бұршағы, жағылған көмір, от ұстайтын бес бұтақ және қара иті бар ағаш жәшіктің көмегімен ғана жасай алады. Жоғарғы жағын қақпақпен жабу керек.

    Айтылды істелді. Ал қазір Уичоль барлық қажетті заттармен қораптың ішінде, ал Накаве оны қақпақпен жапты. Накаве ішке су кірмеуі үшін шайырмен әр ашық жерін жағып шығады.

    Олар осының барлығын істеп болған соң, жаңбыр жауа бастады. Су тасқыны басталды. Накаве қораптың жоғарғы жағында отырды, иығында макао тотықұсы болды және олар жүзіп кетті. Алдымен ол қораптың үстінде оңтүстікке қарай бір жыл бойы жүзіп, содан кейін солтүстікке, содан кейін батысқа және тек төртінші жылы ғана шығысқа қарай бұрылды. Осы уақыт ішінде бүкіл жерді су басты. Бір-екі жылдан кейін ғана су тартыла бастады, ал жәшік болса таудың басында тоқтады.

    Бірақ Накаве құдай жоғалып кетті, ал Уичоль үңгірде өмір сүре бастады. Ол егіс алқабын тазалап, үйге келгенде әрдайым түскі ас күтіп тұрғанына өте қуанышты болды.

    Ақырында, ол кім оған қамқорлық жасайтынын білгісі келіп, жасырынып қалады. Ол қара иттің өзінің терісін шешіп, әйелге айналатынын көрді. Әйел қайнатпа сорпасын дайындап болған кезде, Уичоль оның терісін алып, отқа тастады. Әйел ит секілді аянышты үріп қалды... Уичоль әйелдің бетіне судан және бидайдан жасалған бұқтырманы шашты. Ол өзін жақсы сезініп, тынышталып қалды. Содан бері ит әйел болып қала берді. Әйел мен Уичольда

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (70.3 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club