Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бір қазаққа таныс,бір қазаққа таңсық болған Ақ бура әулие

Автор:   •  Апрель 19, 2024  •  Статья  •  2,261 Слов (10 Страниц)  •  106 Просмотры

Страница 1 из 10

                              Әбутәліп Арай, ЖМҚБ 07-20

                             Ғылыми жетекші: Айдарбекова Ғалия Сарыбаевна

                             ОҚМА. Шымкент қаласы .Қазақстан

 Ғылыми мақаланың тақырыбы: Бір қазаққа таныс,бір қазаққа таңсық болған Ақ бура әулие.

Мақсаты: Жүректері қазақ деп соққан жалынды,жасөспірім жастарымызға Қазақстанның киелі жерлерін,оның орналасуымен,халқымыз,еліміз бен мемлекеттік тарихымыздағы маңыздылықтарымен таныстырып,рухани байытып,патриоттыққа, отансүйгіштікке баулып,өз өлкеміздің тылсым күштері мен киесін насихаттау.

Түйін. Менің ғылыми мақаламда Ақ бура әулиенің ел арасындағы батырлығы, оның ерліктері мен шипагерлігі, сонымен қатар әулие жайында айтылған аңыз, ауыздан ауызға жеткен оның ерекше күш иесі екендігі баяндалады.

Резюме. Моя научная статья рассказывает о подвиге святого Ак Бура в стране, его героизме и исцелении, а также легенда о святом, о том, что он обладает особой силой, передавалась из уст в уста.

                                                                                                                                                      Summary. My scientific article tells about the heroism of the saint Ak Bura in the country, his heroism and healing, as well as the legend about the saint, the fact that he has a special power, passed from mouth to mouth.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді. Жобаның мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту. Осы орайда, Президент: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – деген болатын. (1) Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады және оны  сол ел халықтары,ел тұрғындары өздері біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі және бастамасы. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елдің ұрпағымыз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихымызда түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан  да үзілмеген. Қазақстанда көптеген киелі мекендер жетерлік. Сол мекендер картасын жасап шығару – ауқымды да кейінгі ұрпақтар үшін аса керекті дүние. Себебі, бұл бастама Қазақстандағы киелі мекендердің нақты санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар туризм саласын дамытуға да өз септігін тигізетіні анық. Әр аумақта кем дегенде төрт-бес қасиетті,киелі мекен бар. Сонымен қоса, мұнда өлкеде ішсең шипа болар емдік қасиеті көп сулар да бар. Түркістан облысы  – дін мен ғылым-білімнің ошағы. Ел арасында әр кесененің тек өзіне ғана тән қызықты уақиғасы мен аңыз-әпсаналары  бар. Ана болуды армандаған талай жанның ниеті,тілегі қабыл болып, сәулет өнерінің сан түрлі үлгісін тамашалауға мүмкіндік беретін Түркістан облысы  – көбінің ауруынан айығып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге сеп болған шаһар. Бұл шаһардағы – әр тас, әр тау қасиетті болады.  Солардың бірі барлығымызға белгілі Қазығұрт тауының беткейінде орналасқан Ақ бура әулиенің кесенесін айта кетуді жөн көрдім. Себебі ата-баба әруағын сыйлаған,құрметтеген,ондай әулиелі, сөзі шипа,жанға дауа әулиені сөзімізге қоспасақ,үлгі өнегесін дәріптемесек қазақтығымызға сын болар еді. 

...

Скачать:   txt (26.4 Kb)   pdf (102.8 Kb)   docx (15.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club