1920-1930 жж. Кеңес саясатының Қазақстан тарихындағы салдары
Автор: 39033994 • Октябрь 13, 2020 • Эссе • 419 Слов (2 Страниц) • 712 Просмотры
1920-1930 жж. Кеңес саясатының Қазақстан тарихындағы салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысының зардаптарын көрген Қазақстанның экономикалық жағдайы анағұрлым нашар болды. Осы кезде 1921-1922 аралығында орын алған аштық жағдайды едәуір күрделендірді.
Қазақстандағы аштықтың пайда болуының негізгі себебі неде?
1920 жылдың қақаған аязды қысының жауынсыз ыстық жазға ұласуы әсерінен Торғай сынды уездерде малдың жаппай қырылуы және Орал, Орынбор, Бөкей және т.б аймақтарда егіннің шықпай қалуы ашаршылықтың туындау себептерінің бастысы әрі негізгісі болды. Одан өзге, “Азамат соғысы” кезінде Сібірден келетін азық-түлік жолының бөгелуі мен қосымша салынған түрлі салықтар, 1919 жылдың қаңтарында басталған азық-түлікті тәркілеу саясаты жағдайды одан әрі нашарлатты. 1919-1922 жылдардағы аштық негізінен алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарын шарпыды. Жалпы алғанда, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде 2млн 800 мың адам ашршылыққа ұшырады, бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақтың санының бұл шамамен 20-22 пайызын құрайды. Аштықтың салдары демографиялық жағдайдың нашарлауы, 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетуімен сипатталады. Аштық мәселесі шешіле бастағаннан кейін, ендігі кезек экономикалық дамуда болды. Елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы селолық ұсақ тауар өндірушілерді көтермелеу, ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалыпқа келтіру, ауыл шаруашылық техникасын шикізатпен айырбастау жолымен сырттан алу арқылы жүзеге асты.
...