Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Қоғамның саяси жүйесі
Автор: Orazaly Karshybai Ист 20-1 • Декабрь 12, 2022 • Доклад • 1,557 Слов (7 Страниц) • 230 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Баяндама
Тақырыбы: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Қоғамның саяси жүйесі
Орындаған: Қаршыбай Оразалы
Тобы: Ист 20-1
Қабылдаған: Қожақұлы Өтеубай
Пәні: XX ғ. Қазақстан тарихы
Қызылорда 2022 ж.
20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді. Қазақстан тарихын қоғамның сол кездегі саяси жүйесінсіз кезге елестету мүмкін емес. Оған адамның бостандығын аяққа басу, оның құқын елемеу, еңбекщілерді өндіріс құралдарынан ажырату, оларды саясат пен мемлекеттік басқарудан шеттету сияқты теріс құбылыстар толығымен тән еді. Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның -И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. Ал мұның аса ауыр зиянды зардаптары болды. Әр түрлі даңғаза ұрандар астында саяси айыптар тағу, заңды бұзу, билікті теріс пайдалану жаппай орын алды.
Кенес қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары социализмнің сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық үлгісінің құрамдас бөлігі еді. Алайда соғыстың барлық тауқыметі мен қиыншылығын майдан мен тылда бірдей көтерген халықтың ой-санасы соғыс қарсаңындағы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген еді. Дегенмен бейбіт құрылысқа көшу жағдайында қоғамдық өмірдің көптеген мәселелерді басқаша бағаланатын болды. Халық әлеуметтік бағдарламаға бетбұрыс жасау қажеттігін анық түсіне бастады.
40-50жылдардың басында сталинизм идеологиясы әбден асқынды. 1946жылғы наурызда өткен КСРО Жоғарғы Кенесінің сессиясында Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н. А Вознесенскийдің төртінші бесжылдық жоспар туралы баяндамасында осы қағида жетекші партиялық бағыт деп жариялады. Көз жетерлік тарихи кезеңде коммунизмді орнату болады деген қағида кеңес басшылығы тарапынан жиі-жиі айтылатын болды және ол дайындалып жатқан коммунистік партияның үшінші бағдарламасының жоспарында өз көрінісін табуға тиісті деп есептелді.
Сталиннің еңбегінде келешекте қала мен ауыл арасында тарау-ақша қатынастарын тікелей өнімдер айырбасы алмастырады деген тезис коммунизмге өтудің негізгі шарттарының бірі түсіндірілді және оны Б.К. (б) П сьезі қалады. И. В Сталиннің осы данышпандық еңбегінің идеяларын жаппай насихаттаушылар социалистік қоғамның (шексіз мүмкіншіліктері) туралы қалыптасқан сенімге сүйенді. КСРО-да жеңіп шыққан социалистік қоғам тез қарқынмен коммунизмге жетуді қамтамасыз етеді деген ұғым қалыптасты. Сонымен, коммунизмге өту проблемасы ғылымға жат, тұрпайы пікірлермен алмастырылып, онын негізіне өнеркәсіптің кейбір салаларында белгілі сандық көрсеткіштерге қол жеткізу алынды. Соғыстан кейінгі онжылдықта қол жеткен табыстар КСРО-да 20-30-40 жылдарда орын алған өмірге деген қарабайыр көзқарастың жалғасы ғана болатын.
Жаңа қоғамдық-экономикалық формацияны күштеу әдістері арқылы жасауға талпыну республиканың табиғи даму жолын бұзды. Насихат құралдары көз жетерлік тарихи кезеңде коммунизм орнату мүмкіндігі туралы пікірді жаппай уағыздаумен айналысты.
Ал мұндай жағдайда көнбегендер насихат апаратының өтірігіне сенбегендер социализм ісіне қарсы шыққандар ретінде айыпталды. Оларға социализмді “қаралаушылар”, идеологиялық “диверсия жасаушылар ”ұлы табыстарға күйе жағушылар деген саяси айыптар тағылды. Келеңсіз құбылыстардың себептерін іздеу “кім айыпты ?” деген сұрақпен алмастырылды да, қоғамдағы кемшіліктердің жекелеген “айыпкерлерді” іздестірілді.
...