Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркілік мәдениетті

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Реферат  •  2,605 Слов (11 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 11

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл – Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасында қарапайым халықтан бастап. түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады. Бұл дастаны – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.

Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы ортағасыр данышпан — Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Әбу-Насыр Әл-Фараби (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінен үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты

...

Скачать:   txt (36.1 Kb)   pdf (63.3 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club