Шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Автор: alau00 • Октябрь 2, 2021 • Доклад • 324 Слов (2 Страниц) • 1,075 Просмотры
Сыбайлас жемқорлықпен күресте ең маңызды стратегиялардың бірі оған қарсы мәдениетті қалыптасыру болып табылады. Осы стратегияның әр түрлі дамыған елдердегі мысалын қарастырайық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жақсы нәтижелер көрсеткен елдердің қатарына Грузия, Латвия, Сингапур секілді елдер жатады.
Грузияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырылады. Грузиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі превентивттік және репрессивтік әдістерді қатар қолдануы. Сонымен қатар Грузиядағы “бір терезе қағидаты” секілді реформалар мемлекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия және конфуций этикасының қағидаттарына негізделген. Сингапурда жұмыссыздықпен күрес, аз қамтылғандарды мемлекеттік қолдау, тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің артуына сәйкес еңбекақыны қарқынды өсіру туралы қамқорлық, әділетті зейнетақымен қамтамасыз ету, теңгермелі салық салу саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырудың ерекшелігі.
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі оған қарсы сананы мектеп кезінен дамыту. Бұған мысал ретінде Латвиядағы мектеп оқушылары және университет студенттер қатысатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаны келтіруге болады.
Қорытындылай келе, әр түрлі дамыған елдерде
...