Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылым құндылығы Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология

Автор:   •  Ноябрь 1, 2021  •  Реферат  •  956 Слов (4 Страниц)  •  1,808 Просмотры

Страница 1 из 4

                         БОӨЖ

Орындаған: Шәкір Камила

Тобы: КШИ 19-11

Тексерген: Игисенова Аида Рахимбердиевна

Тақырыбы: Ғылым құндылығы Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келуде. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастадық.  Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір. Осының бірінші басымдығы – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Және кәзір елде  3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамытылып жатыр. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз етіліп жатыр. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады. Үкімет «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құрды. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тарту платформасында жұмыс істеуде. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай жасалуда. Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді. Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады. 

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (67.3 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club