Зерттеу нәтижесінде ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамндандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК емханасына ұсыныстар
Автор: Sanjar2011 • Март 13, 2023 • Дипломная работа • 3,426 Слов (14 Страниц) • 238 Просмотры
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
БАЙСЕКСЕНОВА САУЛЕ СЕРИККАЗЫЕВНА
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ (МАГИСТРЛІК ЖОБА)
7М04105-МЕНЕДЖМЕНТ
ӨСКЕМЕН Қ.
2023Ж.
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР 2
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ
1.1 Денсаулық сақтаудағы сапа менеджменті түсінігі. Басқару функциялары 5
1.2. Сапалы медициналық қызмет көрсетуде сапа менеджмент жүйесінің орны 10
1.3. Денсаулық сақтауды интеллектуалдық және кадрлық басқару мәселелері. 14
ІІ-ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАҒЫ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ДӘРЕЖЕСІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ 29
2.1.ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамндандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК медициналық ұйымның сипаттамасы 20
2.2. Медициналық ұйымдағы сапаны басқару функциясы - денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз етудің негізгі тәсілі 24
ІІІ-ТАРАУ. Зерттеу нәтижесінде ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамндандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК емханасына ұсыныстар. 43
Қорытынды 50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 52
Қосымша 59
Қысқартулар мен белгілер
ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы
ШҚО ДСБ – Шығыс Қазақстан Облысы Денсаулық Сақтау Басқармасы
ШЖҚ КМК – Шаруашылық Жүргізу Құқығындағы Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорны
СМЖ - Сапа менеджменті жүйесі
БМСК - Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету
PDCA - Деминг циклі (Plan, жоспарлау – Do, жасау – Study, зерттеу, зерделеу – Act, реттеу, әрекет ету)
МҰ - Медициналық ұйым
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен бірге денсаулық сақтау жүйесінде де елеулі өзгерістер іске асырылуда. Денсаулық сақтау саласын реформалау үшін заңнамалық база құрылды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді, салада түбірлі түрдегі қайта құрулар жүргізілуде, денсаулық сақтау саласындағы жеке меншік нысанға негізделген медициналық қызметтер көрсету дамуда. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей: «Біз ұлт денсаулығын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласы тиімділігін жоғарылатуда, оны ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесі реформаланды» [1].
Алайда денсаулық сақтау саласының бүгінгі таңда шешілмей отырған бірқатар өзекті мәселелері де бар, олар: ұйымдық-құқықтық мәселелерде жіберілген кемшіліктер салдарынан туындап отырған денсаулық сақтауды басқару саласында мемлекеттік органдар арасындағы функциялардың дұрыс бөлінбеуі, ауылды жерлердегі білікті мамандардың жетіспеушілігі; денсаулық сақтау саласындағы мамандар әзірлеудің әлсіздігі; медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғаудың аздығы; аймақтық медициналық мекемелердің аспаптармен аз қамтылуы; мемлекеттік басқару органдарындағы жемқорлық; дәрігерлердің жіберген дәрігерлік қателіктері үшін жауапкершіліктің төмендігі; азаматтардың өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде медициналық көмекті ала алмауы; жергілікті бюджеттердің деңгейінің әртүрлі болуына байланысты медициналық көмекті көрсетудің көлемі мен сапасындағы аймақтар бойынша дифференциациясы; денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыру үлгісі азаматтардың кепілдік берілген тегін медициналық көмектің ҚР заңдарымен анықталған мұқтаж көлемін жаба алмауда; медициналық көмек көрсеткені үшін біріңғай тарифтік саясаттың болмауы.
...