Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі

Автор:   •  Март 26, 2021  •  Реферат  •  1,626 Слов (7 Страниц)  •  507 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ КЕЗІНДЕ.

ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ КҮШЕЮІ

 

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі

Аграрлық қозғалыс

Қолданылған әдебиеттер

 

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі. Отарлық ұлт аудандарының қарсылықтар көрсетуіне әсер еткен оқиға 1905 жылғы 9- қаңтардағы Санкт–Петербургтегі «Қанды жексенбі» Ресейдің ішкері  бөлігіндегі патша жазалаушыларымен болған қақтығыстар. Осы жағдайлар қазақ шаруаларының  көтерілуіне  себепші болды. Олардың бой көтеруі жергілікті халықтың жерін тартып алуға деген қарсылықтың көрінісі еді. Көзі ашық қазақ зиялылары қазан айының 17-де жарияланған патша   манифесінің жұртты  алдау екенін әшкереледі.

Қазақ  орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық бой көрсетуінің ең басты оқиғасы Успен кенішіндегі оқиға. Кен өндірісінің 360 жұмысшысы қатынасқан, қазақ және орыс жұмысшыларының 12 күнге созылған ереуілі болды.

Жұмысшы қозғалысының басталуы, қазақ шаруалары қозғалысының күшеюі. Ұлт азаттық қозғалыстағы қазақ интеллигенциясының рөлі.  Социал-демократиялық және кадеттік топтардың дағдарысы.

XX ғасырдың басында Қазақстанда Ресей империясының отаршылдық езгісі күшейе түсті. Патша үкіметі бір халықты екіншісіне айдап сала отырып, ұлт мәдениетінің дамуын тежеді. Елде таптық қайшылық шиеленісе түсті.

Басталған  соғыс, оның империалистик сипаты және орыс әскерлерінің жеңілісі  өлке халқы арасында патшалық режимге наразылық пен ашу-ызаның онан сайын өршуіне әкеп соқты. «Туркістан ведомосы» газетінде былай деп жазды: «Бізге Перовскіден жергілікті қазақтар соғысы өте көңіл бөлуде және ол туралы таралып жүрген сыбыстарға құлшына құлақ түруде»  - деп хабарлауда.

Петербурте басталып, басқа қалаларға таралған оқиғалардың Қазақстанға кешеуілдеп жетуіне әсер етті. Петербург оқиғасын қолдап ұйымшылдықпен қарсы шыға алмаса да, Ташкентте, Омбы мен Верныйда, Перовск, Шалқарда, Түркістанда наразылық митингілері мен шерулер болды. Экономикалық сипатта болған жалпы ресейлік қаңтар-ақпан бас көтеруіне, өздерінің жолдастарын тартқан теміржолшылар ерекше белсенділік танытты. Бұл баскөтеруге Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар және басқа станциялардың темір жол шеберханалары мен деполарының жұмысшылары белсене қатысты. 1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында Шалқарда, Қостанайда Верныйда, Оралда т.б. жерлерде демонстрациялар мен бой көрсетулер «Патша самодержавиясы жойылсын», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті.

Ел ішінде революцияның күшті өрлеуінен қорыққан патша үкіметі қазанның 17-де манифест шығарды, онда халыққа «азаматтықтың мызғымас негіздерін» - адамның жеке басының бостандығын беруге уәде етті. Большевиктер партиясы манифесті патша үкіметінің халықты алдамақшы болған айла-шарғысы деп қабылдады. Ресейдегі саяси партиялар мен топтар бұл манифесті әртүрлі қабылдады.

Қазақстаның барлық қалаларын 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайлады. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Повлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтар арасынан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндері Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов және Ж.Ақбаев, т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 жылы 15 қарашадағы Қарқаралыдағы Ж.Ақбаев бастаған демонстрацияға жұмысшылар, қоныс аударған шаруалармен бірге осы уездің ауылдары мен болыстарынан келген салт атты қазақ жігіттерінің үлкен тобы қатысты. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғанға ұшырады, Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Ереуілшілер «орыс-қазақ Одағын» құрды. Оны Петр Топорнин,  Владимир Мартылога, қазақ жұмышылары Әкімжан Байшағыров, Ысқақ Қасқабаев және басқалары басқарды. Ұйымдасқан түрде болған Ускен (Нілді)  кеніші баскөтерушілерінің кейбір талаптары қанағаттандырды: жалақыны көтерді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, азық-түлік бағасын төмендетті және т.б. Бірақ ереуіл аяқталғанан кейін, оның ұйымдастырушыларын жазалау басталды.

1905 жылдың қараша айында Верныйда Зырянова мен Овсяной баспаханалары жұмысшыларының митингілері, қарашаның 16-29-да Верный қаласының байланысшылары ереуіл жасады. Сонымен қатар қарашаның 16-26 дейін 10 күнге созылған Семей қаласынның почта-телеграф қызметкерлерінің еруілі болды. Облыстық әкімшілік облыс орталығында тәртіпті қалпына келтіру үшін Қарқаралыдан асығыс түрде әскер шақырды. Революцияның   толқыны әскер бөлімдерін де қамтыды. Қазаның 30-нан қарашаның 21-не дейін    Жаркент горнизонының солдаттары арасында толқу болды. Қарашаның 6-7-де Верныйдағы 4-ші Батыс-Сібір батальонының солдаттары офицерге бағынудан бас тартты.

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (103.1 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club