Мұнай газ өндіру өнеркәсібінде инвестиция саясатын басқару
Автор: didar06 • Май 12, 2019 • Курсовая работа • 7,441 Слов (30 Страниц) • 584 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі
Тіркеу нөмірі №___________ Бөлімі: “Мұнай және газ”
« »___________ 20__ жыл Мамандығы: 0809000 «Мұнай және
газ кен орындарын пайдалану»
Тобы: 8/15.41
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Өндірістік экономика,жоспарлау және өндірісті ұйымдастыру»
Тақырыбы: «Мұнай газ өндіру өнеркәсібінде инвестиция саясатын басқару»
Орындаған: __________________________ /Шілбаев Д.Ә./
Жетекші: ____________________________ /Бисенгалиева А.А./
Кафедра төрайымы: ___________________ /Қойшиева А.О./
Бөлім меңгерушісі: _____________________ /Алтай Қ.А./
Атырау - 2019 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛ
ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН МҰНАЙ ӨНДІРУ САЛАСЫНДА ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ 6
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері 6
1.2 Инвестициялық үрдістерді басқаруды жандандырудың ілімдік
негіздері 11
1.3 Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің
қазіргі жағдайы 14
II. МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ
САЯСАТЫН БАСҚАРУ 21
2.1 Қазақстандағы мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындарындағы
инвестициялық ахуалды талдау 21
2.2 Қазақстанда мұнай өндірісін дамытудың негізгі бағыттарымен
перспективасы 27
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев “біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту” – деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады.
...